Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Тоқаев: біздің төлқұжатымызға ие болу — халықаралық аренада құрметті азамат болу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік аренада қазақстандық төлқұжаттың қандай маңызы бар екенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

«Біздің көгілдір түсті төлқұжатымыз бен Көк байрағымыз тарихтың өзі қалыптастырған және миллиондаған адамның жүрегінде жаңғырған болмысымыздың шынайы символы. Төлқұжатымыз адамға этностық тегіне, діни көзқарасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан Қазақстан Республикасының азаматтығына байланысты құқықтар мен міндеттерді қамтамасыз етеді», — деді Тоқаев.

Президент төлқұжатқа ие болу өз еліңнің қорғалған азаматы екеніңді білдіретінін жеткізді.

«Біздің төлқұжатымызға ие болу халықаралық аренада құрметті азамат болу, барлық елге кедергісіз бару және өзін қазіргі әлемнің ажырамас бөлігі ретінде сезіну дегенді білдіреді. Бұл әрқашан әрі барлық жерде өз мемлекетінің қорғауында екеніңді білдіреді. Қазақстан төлқұжаты бірлігіміз бен келісіміміз негізделген құндылықтарды білдіреді», — деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы өтіп жатыр.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke