Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шықты

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін кінәсін жоққа шығарған Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі өткен отырыста тағылған айыппен ішінара келіскен еді.

Айта кетейік, бұған дейін сотта Гүлмира Сатыбалдының Алматы облысындағы үйі көрсетілген болатын. Ол адам ұрлады және озбырлық жасады деген күдікке ілінді. Сондай-ақ екі бизнесті рейдерлік жолмен басып алғаны айтылды.

Жәбірленуші — Баян Алагөзованың күйеуі. Гүлмира Сатыбалдының ісіне қатысты жаңа деректер шықты

Еске салайық, бұған дейін Гүлмира Сатыбалды аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген болатын. Былтыр 18 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына, оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу дерегі бойынша соталды тергеуді бастағаны туралы мәлімдеді. Кейінірек Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу аяқталғаны белгілі болды. 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke