Вторник, 17 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында «Жусан» операциясы арқылы елге жеткізілген азаматтармен ұдайы сауықтыру жұмыстары жүргізіліп келеді

Еліміз тұрақты түрде терроризм мен экстремизм оқиғаларымен күресіп қана қоймай, сонымен қатар жат елде қиын жағдайға тап болған азаматтарға «Жусан» операциясы арқылы жәрдем беріп елге жеткізгені есте. Осы орайда Алматы облысы бойынша террористік белсенді аймақтардан 39 азамат қайтарылған. Олардың 8-і әйел болса, 31-і бала екен. Бүгінгі таңда «Жусан» нысандарына қатысты «Қыран» дерекқорындағы ақпарат, сондай-ақ олардың әлеуметтік-психологиялық паспорттары жаңартылып, қоғамға барынша бейімдеп, жұмыспен қамту, балаларға білім беру жұмыстары жүргізілуде. Әсіресе әйелдерге нүктелі теологиялық оңалту, психологиялық түзету және әлеуметтік бейімдеу шаралары үздіксіз жалғасуда.

Осындай жұмыстардың арқасында әр тұлғаның психологиялық ерекшеліктері мен теологиялық оңалту жұмысын қабылдау деңгейі анықталып, соған сай мәртебелері анықталып отыр. Яғни жат ағымның жетегінде кетіп, адасып өзге елге барып қауіпті жағдайда қалған қандастарымыз қараусыз қалмай ұдайы сауықтыру шаралары жасалуда. Осы орайда Алматы облысына Сириядан «Жусан» операциясы арқылы елге жеткізілген 8 әйелдің алтауына діни көзқарастары  дәстүрлі ислам құндылықтарына бейімделді, бір азаматша қазақстандық қоғамның құндылықтарына бейімделіп үлгерді, ал үшеуі Алматы қаласына тұрғылықты негізде қоныс аударуына байланысты қалалық ДІБ-на берілді деген әлеуметтік дәреже беріліп, бақылау жасалып отыр деп айта аламыз.

         Ал мектеп жасындағы 18 бала орта білім беру мекемелеріне орналастырылған. Олардың 9-ы Жамбыл ауданына, 8-і Қарасай ауданына, 1 бала Еңбекшіқазақ ауданында тұрып жатқаны белгілі болып отыр. Мемлекеттік қамқорлық та жасалуда. Мәселен жыл сайын жаңа оқы жылында ол балалар «Қамқорлық», «Мектепке жол» акциясы аясында  мектеп құралдарымен, кейбір жағдайда киімдермен толық қамтамасыз етіліп келеді. Сондай-ақ аталмыш оқушылар тегін тамақпен және қоғамдық көлікте тегін жол жүру билеттерімен қамтамасыз етілген. Олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру да назардан тыс қалмаған. Соның айғағы балалар сабақтан тыс уақытта шахмат, қолөнер, шығармашылық, би, футбол, тіл үйрену үйірмелеріне тартылып, қоғамға барынша тез бейімделуіне жағдай жасалуда. Мектепке дейінгі жастағы 8 бала да тиісті орындардың қамқорлығында.  Бүгінгі күні Қарасай ауданында тұрып жатқан бес бала мен  Жамбыл ауданындағы үш бала балабақшаларға орналастырылған. Елімізде «Жусан» операциясы арқылы жеткізілген жандар мерекелерде де назардан тыс қалмай, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әр мерекенің маңызы айтылып отырады. Мәселен биыл «Наурыз» ұлттық мерекесіне орай облыс аудан, қалаларынан жиналған нысаналы контингенттер арасында рухани-мәдени шара екі модульде ұйымдастырылған. Шараның мақсаты – дәстүрлі дінді ұстанушы әйелдерге дін мен дәстүрдің үндесуін, сабақтастығын ұғындыру, дәстүрлі діни танымды құндылық ретінде қабылдауға ынталандыру, керағар ағымдардың ықпалының алдын алу бағытында жүргізіледі.

Нақтырақ тоқтала кетсек, бірінші кезеңде ұлттық киім киген әйелдер жамағаты Қазақстан Республикасы мемлекеттік «Ә.Қастеев атындағы» өнер мұражайының көрмесіндегі  ұлттық қолөнер және қылқалам туындыларымен танысып, «Зайырлы қоғамдағы ұрпақ тәрбиесі: деструктивті ағымнан сақтандыру» тақырыбында ұстаздардың дәрістері тыңдаған. Ал екінші кезеңде Қарасай ауданы, Қаскелең қаласының аудандық кітапханасында Алматы облысы «Әйел-қыздар секторының» меңгерушісі   Н.А.Жаналиева және «Қарасай батыр» мешітінің ұстазы Б.Насырханның қатысуымен  «Ұлттық сана: ислам және әйел» тақырыбында дәріс жүргізілген. «AuIResort» қазақ үйіне саяхат жасалып, ұлттық салт-дәстүрінен мағлұматтар беріліп, киіз үйдің сыртқы, ішкі құрылысымен, жабдықтарымен таныстырылып, атпен серуен ұйымдастырылған. Мұның барлығы олардың санасын сауықтырып, қалыпты жағдайға бейімдеу мақсатында жасалып жатқан жұмыстар. Әлеуметтанушы, теолог Дархан Әдеп «Адасқандарды қоғамымызға бейімдеуде мұндай жұмыстардың маңызы зор. Шыны керек «Жусан» операциясы кезінде қоғамның пікірі екіге жарылды. Оларды әкеліп қажет емес, санасы уланғандар келіп алып осы жаққа тағы өз ұстанымдарын тықпалайды. Олардың санасын да сауықтыру дұрыс емес, бәрібір дұрысталмайды» деп күдерін үзгендер аз болмады. Дегенмен мемлекет тарапынан ұдайы жасалынып жатқан жұмыстардың арқасында олардың қоғамға бейімділіп, тіпті сіңісіп кетуге тырысып жатқанын байқап отырмыз. Бұл үлкен жетістік. Негізі талай ел адасқан қандастарына қолын бір ақ сілтеді. Ал еліміз от пен оқтың астында жүргендерді құтқаруға ынталанып, Сирия еліндегі қақ­тығыс ошағынан қандастарымызды елге әкелуге бағыт­тал­ған «Жусан» операциясының үшеуін сәтті аяқтады. Енді бүгінгі күні оларды қоғамға бейімдеуге тырысуда. Бұл еліміздің өз азаматтарының өміріне бей жай қарамайтынының айғағы» дейді.

Расныда да жоғарыда айтып өткен Наурыз мерекесіне қатысты шарадан соң, аталмыш ійелдер ашылып, әңгімелерін айтып, тіпті мереге орай құттықтау сөздерін де сөйлеген. Жыл басынан бері аптасына бір рет Нур-Мубарак университетінің оқытушысы, PhD доктор Ш.Әділбаева, «Жусан» операциясымен қайтарылғын   азаматшалармен және ДДА ұстанушы әйелдермен онлайн форматта  «Ақида мәселелері», «Ұлттық құндылықтар», «Шариғи мәтіндерді дұрыс түсіну жолдары» салт-дәстүр, т.бтақырыптарында сабақтар да өткізіп келеді. Сондай-ақ РАТТ мүшесі  Нұр-Мубарак Ислам университетінің оқытушысы, PhD доктор Ш.Әділбаевамен «Қоғамда ұлттық дәстүрді және рухани құндылықтарды қалыптастырудағы отбасының рөлі» тақырыбында, журналист А.Кеңесбай және Н.Смағұлов террористік белсенді аймақтардан қайтарылған әйелдермен  онлайн кездесу өткізілді. Нәтижесінде барлық қатысушылар оң қабылдап, көкейкесті сұрақтарға жауаптар алу мүмкіндігіне ие болған. Тіпті олардың білімін жетілдіру үшін кітаптар да таратылып отырады. «Whatsapp»  желісі арқылы pdf  форматында  11 діни оқулықтар атап айтсақ, Қ.Ержан  Ислам ақидасы, Қ.Жолдыбайұлы Дін мен діл, А.Казанджи История пророков, Н. Рахимгожин Вера и религиозная практика, С.Тәжібаев Пайғамбар ақидасы, Ғ.Үсен Жетістіктің 100 сабағы, Ислам тарихы секілді оқулықтар таратылған. Бұл жіберілген оқулықтардың негізінде барлық азаматшалар оң қабылдап қана қоймай, талдап, өз ойларын ортаға салған. Алматы облысына бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болып жатқаны байқалып отыр. Сондықтан облыстың бұл бағытта атқарып жатқан жұмыстары оң бағалауға лайық дей аламыз.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke