Среда, 1 мая, 2024

Басқада

Алматы облысында діни түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді

Бүгінгі таңда азаматтар арасында дінге, наным сенімге қатысты қызығушылық жоғары екені байқалады. Мұндай сәтте жергілікті атқарушы орындар тарапынан бағыт бағдар беріліп, мүмкіндігінше азаматтардың тура жолдан таймауына жағдай жасалса құба құп! Осы орайда Алматы облысында жергілікті басқарушы орындар тарапынан мұндай бағыттағы жұмыстар дұрыс жолға қойылып, қадағаланған деуге болады.

Мәселен бүгінгі таңда Алматы облысында 11 діни конфессияға тиесілі 406 діни бірлестік анықталған. Оның 284 Ислам, 121- христиандық бағытқа жатса, 1-Кришна санасы бар. Аталған діни бірлестіктердің тарапынан 404 діни ғимараттар тіркелген, оның ішінде ҚМДБ – ның 284 ислам мешіті, 121 христиан яғни шіркеулер, храмдар, приходтар және 1-Кришна храмы.

Облыс бойынша миссионерлік қызметті жүзеге асыратын 21 азамат тіркелген. Сондай-ақ облыста діни әдебиетті және діни мақсаттағы заттарды таратуға арналған 7 орын бекітілген. Бұл жыл басынан бері Алматы облысында анықталған ресми статистикалар. Алматы облысы дін істері басқармасының 2023 жылғы I тоқсанда атқарған жұмыстарының есебіне келсек, ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар жасалғанын байқаймыз. Нақты Алматы облысында жыл басынан бері барлығы 523 адептпен жұмыстар жасалған. Оның ішінде 357 мадхалиттер, 120 немадхалиттер, 11 таблигтер, 8 хизбуттар, 7 «жусан» обьектілері, 20 жазасын өтеушілермен жеке оңалту іс-шаралары жүргізілген. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 244  адепт, оның ішінде 191 мадхалиттер, 46 немадхалиттер, 2 таблигтер, 1 хизбут, 1 «жусан» обьектісі еліміздің ұстанымына жақындап, қоғамның да құндылықтарына бейімделгені анықталған. Ал 182-сі  оның ішінде 109 мадхалиттер, 46 немадхалиттер, 5 таблигтер, 1 хизбуттар, 6 «жусан» обьектілері, 15 жазасын өтеушілер дәстүрлі исламның нормаларын қабылдағаны белгілі болып отыр. Сонымен қатар, ҰҚКД тарапынан қайта тексеру шараларының қорытындысы бойынша 15 ДДА жақтаушылары, яғни 11 мадхалит, 3 немадхалит, 1 таблиғ есептен шығарылған. Бұл шын мәнінде Алматы облысының осы бағыттағы мамандарының үздіксіз жұмыстары нәтижесінде белгілі болған жұмыстар. Өзге діни ағымдарды жақтаушылармен жұмыс барысында

теологиялық және психологиялық оңалтумен қатар, жұмыстың басым бағыттарының бірі ретінде жүйелі әлеуметтендіру шаралары да қарастырылған. Яғни жыл басынан бері бірнеше рет өзге ағымды ұстанушы жандарды Алматы облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдерімен кездесу өткізілген. Кездесу барысында ДДА жақтастарын мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бейінді бағыттар бойынша қайта даярлау, бизнес-жобаларына мемлекеттік қолдау көрсету және оларды тұрақты негізде жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланып, жұмыстар да ұсынылған. Нәтижесінде, бейіндік бағыттар бойынша оқыту курстарынан өтуге және мемлекеттік бағдарлама шеңберінде тұрақты жұмысқа орналасуға өтініш білдірген 8 адептің деректері Қонаев қаласы бойынша жұмыспен қамту орталығына берілген. Бұл да оларды қоғамға бейімдеудің жарқын көрінісі деуге болады. Осы жұмыстардың нәтижелері бойынша 5 әйел «Тігін ісі» мамандығы бойынша 3 айлық курстан өтуге тіркелсе, 3 адептің бизнес-жобаларына өтеусіз грант бөлу күтілуде.

Сонымен қатар, Орталық тарапынан 5 «Жусан» объектісіне және 17 аз қамтылған ДДА жақтаушыларына азық-түлік себеттері түрінде әлеуметтік көмектер де көрсетілген. Бұндай қайырымдылық шаралары олармен сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында өткізілген.

Шыны керек, өзге діннің ағымындағы азаматтар жазасын өтеу мекемелерінде де жазасын өтеуде. Биылғы жылдың басында Алматы облысында өзге дінді ұстанған 103 жазасын өтеушімен жұмыстар жасалуда. Введомствоаралық есепте тұрған 26 сотталушы мен есептен тыс 77 діндар тіркелген. Облыстық ҚАЖД ақпаратына сәйкес бүгінгі күні сотталғандар саны 68 адамды құрайды. Жүргізілген талдау нәтижесінде 7 жазасын өтеуші этаппен басқа облыстарға ауыстырылса, 28 сотталушының жаза өтеу мерзімі аяқталуына байланысты босатылған. Қазіргі уақытта олардың қайта радикалдануына жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жазасын өтеушілермен де рухани-тәрбие іс-шаралары жоспарға сай өткізілуде. Олармен жүргізілген сұхбат нәтижесінде жазасын өтеушілердің 52-сі дәстүрлі ислам құндылықтарына бейімделген. Қалғандарымен әлі де болса жұмыс жалғасуда.

Жазасын өтеушілерді дәстүрлі нормаларға бейімдеу тек жеке ғана емес, сонымен қатар топтық негізде де жүзеге асырылады. Топтық іс-шаралар білікті теологтар мен РАТТ мүшелерін тарта отырып, теологиялық дәрістер кешенін ұйымдастырумен, мәдениет саласының өкілдерін тарта отырып, қоғамдық-мәдени, патриоттық концерттік кештер ұйымдастырумен, спорт басқармасының өкілдерін тарта отырып, спартакиядалар өткізумен жүзеге асырылады. Қазіргі таңда Алматы облыстық дін істері басқармасының түрлі бағыттағы жұмыстарының нәтижесінде дәстүрлі ислам ұстанымына бет бұрған көбейгені байқалып отыр. Бұл шын мәнінде осы бағыттағы жұмыстардың ақталғанын көрсетеді.

Еркенұр Қонысбай

Жаңалықтар | Новости