Суббота, 25 мая, 2024

Басқада

spot_img

Абай Бегей ұлына ерекше есім қойды

Танымал әнші Абай Бегей тағы да әке атанды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл қуанышты жаңалығын ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

«Жеңіс күні құтты болсын! Құттықтауларыңызға көп-көп рақмет! Сідерге де жұғысты болсын! Қазағымның әр бір шаңырағында сәбидің үні кетпесін. Ибраһим Абайұлы. 09.05.2023», — деп жазған ол. 

Желі қолданушылары өнер иесін құттықтап пікір қалдырған. 

«Бауы берік болсын! Қуаныштымын өте-өте», «Абай мырза, сіз үшін қуаныштымыз. Кішкентайдың бауы берік болсын!», «Құтты болсын, бауы берік болсын! Ата-бабасының Жеңіс күнінде туған бала ешқашан өмірде жеңіліс көрмей, тек жеңісті болсын», «Құтты болсын! Бауы берік болсын! Ұзағынан болсын! Ғұмырлы болсын! Бақытты балалық шағы болсын! Алла Тағала екі дүниенің жақсылығын және бақытын нәсіп етсін деп тілеймін», — деп жазған олар. 

Айта кетейік, Ибраһим есімі «халықтардың әкесі» деген мағына береді. Бұл есім ескі арамей тілінен бастау алады. Ол «Ұлы әке», «Аса мәртебелі әке» деген мағынаны білдіретін «Абрам» есімінен шыққан. 

Абай Бегей — танымал қазақстандық эстрада әншісі. Оның репертуарында «Үрбибі», «Мелодия», «Немерем», «Бомба» секілді әндері бар.

Жаңалықтар | Новости