Четверг, 23 мая, 2024

Басқада

spot_img

Сенат спикері шетелге заңсыз шығарылған қаражаттың қайтарылуы туралы айтты

«Референдумнан кейін қазақстандықтар шетелге заңсыз шыққан қаражаттар қайтарылады деп үміттенді. Құқық қорғау органдары қазақстандықтардың бар байлығы жатқан қалтағларды неге тексермейді?», — деп сұрады журналистер сенат спикерінен.

«Ештеңе жасалмады, нәтиже жоқ деу дұрыс емес. Жемқор шенеуніктерден қайтқан қаражат түсетін тиісті шоттар бар. Бәрі шетінен қайтып жатыр. Ол қаражаттар мектеп салу үшін жұмсалады. Осы мәселе төңірегінде Қаржы министрлігіне тиісті сұрақтар қойып, мектептердің қалай салынып жатқанын көруге болады. Қазірдің өзінде бұл жұмыстың нақты нәтижелері бар. Арнайы заң қабылдағанда бұл жұмыс оңтайландырылады деп ойлаймын», — деп уәде берді Мәулен Әшімбаев.

Жаңалықтар | Новости