Воскресенье, 12 мая, 2024

Басқада

15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жабылады

15 мамырдан бастап Шымбұлақтың аспалы жолдары жөндеуге жабылады. Ал 14 мамырдан кейін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына тек эко-автобус немесе таксимен көтерілуге болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Жазғы маусымға есігімізді ашпас бұрын біздің аспалы жолдарымыз жыл сайынғы профилактикалық жөндеуден өтуі керек! Мұның бәрі сіз бен біздің қауіпсіздігіміз үшін қажет», — делінген хабарламада.

15 мамырдан 31 мамырға дейін — «Медеу-Шымбұлақ» және «Комби-1» аспалы жолы;
15 мамырдан 9 шілдеге дейін — «Комби-2» аспалы жолы жабылады. 
ККД-4 штаттық режимде жұмыс істейтін болады.
14 мамырдан кейін Шымбұлаққа тек эко-автобустармен немесе таксилермен көтерілуге болады.

Жаңалықтар | Новости