Четверг, 16 мая, 2024

Басқада

spot_img

Бүгін ауа райы қандай болады?

Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.

«Қазгидромет» РМК 12 мамырда ел өңірлерінде қалыптасатын күн райына болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен найзағай күтіледі.

Күндіз еліміздің батысында бұршақ жауады.

Республика бойынша жел күшейіп, солтүстік-батыста, солтүстікте тұман болжанады.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарының солтүстігінде, Қостанай облысының шығысында 2 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысының солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі болжанады», — делінген синоптиктер мәліметінде.

Жаңалықтар | Новости