Вторник, 21 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы шарықтап кетті

Қазақстанда теміржол билеттерінің бағасы бір жылда 27 пайызға көтерілген, — деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Әсіресе бағаның өсуін Шымкент тұрғындары сезген. Оңтүстік мегаполисте пойызбен жүру құны — шамамен 80 пайызға өскен.

Жетісу облысының тұрғындарына да теміржолмен саяхаттау тиімсіз болып тұр. Мұнда баға 47 пайызға өскен. Антирейтингтің үштігіне Қызылорда облысы кірген.

Елдің шығыс бөлігінде, Алматы мен Ақтөбе облыстарында билет бағасы аса көтерілмеген. Жалпы орташа есеппен алғанда плацкарт вагонымен республикалық қатынау 28 пайызға өскен, ал купемен жүру — 27,5 пайыз.

Жаңалықтар | Новости