Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Қарғыс тиген». Алтынбек Қоразбаев Мейрамбек Бесбаев бір кездері неге қатты арықтап кеткенін айтты

Танымал әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев Мейрамбек Бесбаевқа қыздардың қарғысы тиген болуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы өнер иесі «Алғашқы» бағдарламасында әңгімеледі, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, Мейрамбек 15 жыл бұрын қатты ауырған. Бұған көз тиюі немесе қарғыс тиюі себеп болуы мүмкін.

«Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар көп болды. Кім Мейрамбекке ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды. Қатты ауырды. 80 келілік бала 60 келіге түсіп қалды. 20-25 келіге түсіп кетті. Елдің бәрі «ана ауру екен, мына ауру екен, зоб екен» деді. Жоқ, Мейрамбекке көз тиген. Шынын айту керек, Мархабат келіннің құлағына алтын сырға, қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғыс тиген» , — деді әншінің ұстазы Алтынбек Қоразбаев.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke