Воскресенье, 23 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Бауыздаймын» деп қорқытқан». Әкесі зорлағанын айтқан қыздардың ісіне қатысты күтпеген деректер айтылды

Туған әкесінен зорланғанын айтқан апалы-сіңлілердің ісіне қатысты жаңа деректер айтылды, — деп хабарлайды «Еуразия» бірінші арнасы. 

Телеарна мәліметінше, күдікті ер адам қыздарын «ауыз ашсаңдар бауыздаймын» деп қорқытқан. Тілшілер елді дүр сілкіндірген оқиға болған ауылға барған. Екі қызын ұзақ жылдар бойы зорлап келген ер адамның екі әйелі бар болып шыққан. Алайда олар «түк сезбедім» деп ақталған. 

  • Сіз қызыңызды білдіңіз бе?
  • Білмедім.
  • Неше балаңыз бар сіздің ол күйеуіңізден?
  • 2 балам бар.
  • Бәйбішеден ше?
  • Төрт баласы бар.
  • Неше жыл отасып жүрсіз?
  • 13 жыл болды.

Ұзақ жылдар бойы туған әкесінен азғындық көргенін айтқан қыздар аудиоға дәлелдер жинаған. Ал ер адамның әйелі телеарна тілшілеріне алғашында күйеуіне сенетінін айтса, артынша тек қыздарына сенетінін жеткізген. 

«Мен білген жоқпын. Қыздарымды соңына дейін қорғаймын», — дейді жәбірленуші қыздардың анасы. 

Ал күдікті ер адам үнемі мешітте жүретін, күзет фирмасында болған екен. 

«Өте тамаша көршілер болған. Үйіне барсақ құда күткендей күтіп алады»

«Шыны керек, жақсы араласатынмын. Олай істейді деп ешқашан ойламадым, өзім таңғалып жүрмін», — дейді көршілері. 

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысында ер адам екі қызын зорлады деген күдікке ілінгені хабарланған еді. Бүгінде туған әкесінен зорланғанын айтқан апалы-сіңлілі полицияның қорғауына алынды. 

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke