Среда, 24 апреля, 2024

Басқада

«ТУҒАН ЖЕР ҚҰШАҒЫНДА» атты Республикалық ІІ фестиваль – мәдени-білім беру іс-шарасын өткізді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі және «Қазақстандық ұйғырлардың республикалық этномәдени орталығы» ҚБ, «Ханим-қизлар» кеңесі, Алматы қаласы бойынша ҚҰ РЭМО филиалы, креативті Ұйғыр әйелдерінің «Шәбнәм» РҚБ, «Қазақстанның ұйғыр жастары одағы», ЖК «Аламат» продюсерлік орталығымен бірлесіп, Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының, Қазақстан Жазушылар Одағының Басқарма мүшесі, белгілі суретші және педагог Марис Хитахуновтың шығармашылығына арналған «ТУҒАН ЖЕР ҚҰШАҒЫНДА» атты Республикалық ІІ фестиваль – мәдени-білім беру іс-шарасын өткізді.
М.Хитахуновтың шығармашылығында кескіндеме өнері маңызды орын алады. Шара қонақтарының назарына суретшінің Қазақстан табиғатын, керемет пейзаждарын көрсететін «Өріс», «Ауыл маңы», «Тау бөктері» және т. б. жұмыстары ұсынылды.
Көрмені ресми түрде ҚР орталық музейі директорының орынбасары Сержан Бараханұлы ашып, Қазақстан ұйғырлары республикалық этномәдени орталығының төрағасы Долхонтай Абдухелил жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ балалар концерттік бағдарламада ән айтып, би билеп, кескіндеме өнері бойынша шеберлік сабақтарына қатысты. Шара соңында жас өрендер «Менің балалық әлемім» атты асфальтта сурет салу байқауында бақ сынады.

Жаңалықтар | Новости