Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Әнші Төреғали Төреәлінің не үшін Қызылордаға көшіп кеткені белгілі болды

Ал қазір Алланың даналығын түсініп, көзіме еріксіз жас келді.

Әнші Төреғали Төреәлі Қызылордаға не үшін көшіп кеткені белгілі болды, — деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы әншінің әйелі Толтын Тұрарбекқызы айтты. 

«Сіздерге бір арманым туралы айтқым келеді. Кәусар дүниеге келгелі біз Қытай елінде бес жасына дейін емделіп жүрдік. Шынымды айтсам, ол өте ауыр күндер. Ем алудың қиындықтарынан бөлек, тамағы, тұратын жері, бәрі оңайға соқпайтын. Ал тоқтаусыз емді қажет ететін балаларымыз үшін қашанғы үйіізді сағынып, жырақта жүре аламыз дейсіз?», — дейді Толқын. 

Сол кезде Толқын елімізден балаларға арналған емдеу орталығын ашқысы келген екен. 

«Алланың қалауымен 1-2 рет Алматыдан орталық ашамыз деп ниеттендік, бірақ нәтижесіз болды. Одан қатты көңіл-күйім түсіп жүргенмін. Ал қазір Алланың даналығын түсініп, көзіме еріксіз жас келді. 

Қызылорда қаласына Алланың қалауымен Кәусарымызды емдеуге көшіп келдік. Мен орталық ашуды қалап жүргенде, Алла ол орталықты көзімізге көрсетіп, сол орталықтан нәтиже беріп жатыр», — дейді Толқын.   

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke