Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Депутат Мақсат Толықбай Қайрат Сатыбалдының түрмеде жатып қонақ үй сатып алғандығын айтты

Танымал тележүргізуші,  журналисист депутат Мақсат Толықбай әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Сатыбалдының заңсыз жолмен тартып алған бизнестері туралы жазба қалдырды, деп жазды KYN.KZ тілшісі.

Мақсат Толықбай  Алматыдағы Hilton қонақ үйінің 160 қызметкерінің арыз-шағымын тыңдап қайтқан. Бұл қонақ үйдің иесі  Шолпан Каранеева ғимаратты Қайрат Сатыбалдының рейдерлік жолмен тартып алғанын 2020 жылы-ақ ашық айтып, «азаттық» сияқты талай ақпарат құралдарына сұхбат берген екен.

«Осыдан төрт жыл бұрын (2019 ж) франчайзинг келісімімен Hilton қонақ үйін салған. Құрылысты аяқтау үшін «Capital Bank Kazakhstan» АҚ-на қонақ үйді кепілге қойып 4 млрд 200 млн теңге сомасында қарыз алған. Короновирус пандемиясы басталған 2020 жылы Hilton қонақ үйі қызметін уақытша тоқтатқан.

Сол кезде президент кәсіпкерлерді тұралап қалмау үшін банктерге төлемдерді уақытша тоқтатуға бұйрық берген. Ал «Capital Bank Kazakhstan» АҚ президент бұйрығын пысқырмаған. Банк тарапы өтінішке жауап бермей,

қонақ үйді «Заңгер» коллекторлық агенттігіне береді. Ал «Заңгер» қонақ үйдің нарықтағы құны 9,5 млрд теңгеден асса да, оны бар болғаны 5,1 млрд теңгеге бағалап, «Байдала» ЖШС-не сатып жіберген», дейді Қаранева.

Соынмен қатар  «Байдала» компаниясының артында Қайрат Сатыбалды тұрғанын, рейдерлік басып алу әрекеті деп аппелациялық сотқа шағымданғанымен ешқандай нәтиже шықпағанын жасырмады.

Қайрат Сатыбалды абақтыға қамалып, дүние-мүлкі тәркіленген кезде біздің құзырлы органдар DoubleTree by Hilton қонақ үйін де Қайраттың тәркіленген мүліктерінің қатарына қосып қойған екен.  «АБЛИ Құрылыс» компаниясы «Біз «Байдала» ЖШС-мен соттасып жатырмыз, бұл қалай Қайрат Сатыбалдыға өтіп кетеді, іс әлі қаралып жатыр ғой?!» деп арыз түсіргеннен кейін Қайрат пен «Байдала» арасында тез арада келісім-шарт (договор купли-продажи) жасалады. Түрмеде! Ол жерге нотариусты қалай кіргізіп жүр, түрмеде отырған Қайраттың қалтасында 6 млрд теңге қайдан жүр?! Бұл жерде де заңсыздық көп.

«Ендігі схема былай: қонақ үйді Қайрат Сатыбалдының атынан мемлекеттік активке өткізіп жіберіп, арзан бағада аукцион арқылы өз аттарына аударып алғысы келетін басқа мүдделі топтар қатты жұмыс істеуде. Қайрат Сатыбалды ұсталса да, рейдерлік әрекет жалғасып жатыр» дейді шағымданушы.

Осы орайда біз шын мәнінде Әділетті Қазақстан құрғымыз келсе, осындай заңды бизнесін әлдекімдер көпе-көрнеу тартып алған тұлғалардың да зары мен мұңына құлақ түріп, көңіл бөлуіміз керек шығар. Жәбірленуші тараптың сұрайтыны бір-ақ нәрсе: құзырлы органдар істі әділ қараса екен», деп жазбасын аяқтады.

Сонымен қатар депутат шағымданушылардың арызын Антикор мен Бас прокурорға жолдағандығын айтты.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke