Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысының қоғамдық ұйымдары белсенді

Соңғы жылдары елімізде азаматтық қоғамның бенсенді дамуы айқын байқалады. Осы орайда Алматы Облыстық Әділет департаментінен алынған мәліметтерге сәйкес облыс көлемінде 373 үкіметтік емес ұйым тіркелген екен. Оның ішінде 253-і Қоғамдық бірлестік ретінде тіркелсе, 120-сы Қоғамдық қор ретінде тіркеуден өткен. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау, жастар саясаты мен балалар бастамаларын демеу, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, азаматтардың денсаулығын қорғап, гендерлік саясат, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолында қызмет ететін өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар қазіргі таңда көптеген жұмыстар атқарып жатыр.

Аталмыш қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдар 2023 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты аясында көптеген жұмыстар жасау қарастырылған. Өңірде мемлекеттік саясатты дұрыс бағытта жүргізуде аймақ жастарының да рөлі зор. Алматы облысында биылғы жыл басындағы статистика бойынша 14 жастан 35 жасқа дейінгі жастар саны – 422 428 адамды құрайды. Облыста жастар саясатын жүргізу бағытанда көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен биылғы жылы Алматы облысында мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен жалпы 458,8 млн.теңге қарастырылған. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 61,9 млн.теңге бөлінді, оның ішінде 36 млн.теңге жастар саясатын дамытуға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінген көрінеді. Сондай-ақ Алматы облысында 1 облыстық,  9 аудандық жастар ресурстық орталықтары жұмыс істейді. 123 ауылдық округте әдіскер нұсқаушы жастар саясатын жүзеге асыруда.

Өткен жыл қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастар саны 6,9%-ды немесе 15-28 жас аралығындағы жастар санынан немесе 16110 адамды құрады,  олар білім беру және еңбек қызметіне тартылмаған. Облыста NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда. Осыған сәйкес «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының әдіснамасы негізінде «NEET-жастар «Деректер базасы» ақпараттық жүйесі әзірленіп, нәтижесінде 803 жас тіркелді.

Бұл бағыттағы жұмысты жүйелі жүргізу мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығында «Жастардың бастамаларын қолдау және NEET санатындағы жастармен жұмыс істеу бөлімі» құрылды. Сонымен қатар, жастармен, әсіресе NEET санатындағы жастармен 2023-2025 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленді. Жоспар шеңберінде салалық басқармалармен бірлесіп NEET санатындағы жастармен жүйелі жұмыстың жаңа форматы қалыптастырылды. Атап айтқанда, жоспарға келесі іс-шараларды іске асыру енгізілді:

Жастар еңбек жасақтарын ұйымдастыру тәжірибесі жалғасуда. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыруға 2023 жылы 150 млн. теңге бөлініп, 1365 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Өңірлік деңгейде облыс әкімінің қолдауымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттық жобасы іске асырылуда. Осы мақсатқа 15 млн. теңге бөлінді. 2022 жылы 5 бағыт бойынша 1 млн.теңгеден 15 грант тағайындалды.

Облыста жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Алатау жастары» бағдарламасы әзірленді. Бағдарламаны іске асыру үшін 60 жас азаматты тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 600 млн. теңге бөлінді. Бағдарламаның негізгі шарттары: 0% — бастапқы жарна, 5% — қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі, кредит мерзімі 25 жылға дейін. 1-30 қараша аралығында құжаттар қабылданды. Барлығы 1374 өтініш түсті.

2023 жылы бұл мақсатқа 3,6 млрд.тенге бөлініп, 200 жасты тұрғын үймен қамту жоспарланып отыр.

Еркенұр Қонысбай

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke