Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

СІМ Назарбаев пен Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kzсайты.

«Беларусь Президенті мен Тұңғыш президент көптен бергі серіктес. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастары тек қазіргі президенттер арасында талқылануы мүмкін», — деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, жексенбіде Беларусь президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескені жайлы хабарлама тараған болатын. Баспасөз қызметтің мәліметінше, әңгіме барысында халықаралық жағдай, аймақтағы жағдай және Беларусь-Қазақстан қатынастары талқыланған. 

Лукашенко Назарбаевпен ресейлік әріптесі Владимир Путинмен хабарласқаннан кейін сөйлескен.  

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke