Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Ұры ұстаймын деп өздері қамалған полиция қызметкерлері әділдік іздеп жүр


Түркістан облысында полицияның алты қызметкері сотталып жатыр. Сауран аудандық полиция бөлімінің бір топ қызметкеріне азаптау бабы бойынша айып тағылған. Ал қамауда отырған экс-полицейлердің туыстары бұл барып тұрған әділетсіздік деп санайды. Өйткені, екі қой ұрлап ұсталған азмат өздерінің әрекеттерін мойындаған. Тіптен, малдың иесіне өтемақыны да төлеп, кешірімін де алған. Алайда, арада алты ай өткенде із кесіп, ұрыларды тапқан полицейлердің өздері істі болып шыға келген. Қой ұрлаған қос жігіт бүгінде жәбірленуші. Ал қылмыспен күресіп жүрген полицейлер керісінше қамауда дейді, күйінген ата-аналар.


«Сауран ауданында болған екі қойдың бастауынан полицияның алты қызметкері сотталып жатыр. Солардың ата-анасының атынан сөйлеп тұрмын. 12 ата-ана жүрміз, он айдың көлемінде бармаған жеріміз, баспаған тауымыз қалмады. Ынтымақ ауылының екі жәбірленушісі ауылдан екі қойды ұрлаған. Оны мойындаған. Екеуінің ата-аналары ұрланған қойдың орнынан қой алып беріп, малдың иесінен кешірім алған. Одан кейін іс тоқтатылған. Кейін бұлар жоғары жаққа шығып, «бізді қинады», «басымызға пакет кигізді», «дәремтімізді жібердік» деп шағымданды. 8-ақпанда екі қойды ұрлағаны рас, оны өздері де мойындаған. Арада алты ай өткенде қой ұрлаушылар жәбірленуші болып шулай бастады. Сот медициналық жағдайды, куәгерлерді көрдік. Барлық мән-жайды біліп отырмыз. Менің ұлым өзге әріптестерімен бірге он ай қамауда отыр. Олардың жазықсыз қамалғанын дәлелдей алмай, жанайқайымызды жеткізетін жер таппай жүрміз. Сот сараптамаларында өрескел қателікткер болды. Видео монтаждалып, ол жердегі айғай-шу виденың үстінен жазылған. Жәбірленуші басыма пакет кигізді дейді. Басында полиэтилен пакеті бар адамның дауысы жер жарып, сыртқа естіле ме? Осындай олқылықтар өте көп. Жазбада ешқандай көрініс жоқ, тек дыбыс, аудио ғана бар. Оның монтаж екеніне біздің 100% көзіміз жетіп отыр», -деді экс-полицейдің анасы Рая Құдайқұлова.


Сотқа Қылмыстық іздеу бөлімінің бастығынан бастап, оның қармағындағы бес қызметкерде тартылған. Олардың үстінен ҚР ҚК 146 бабы бойынша айып тағылған. Сотталушылардың туыстары сағыда сараптама жасатуды талап етуде. Өйткені, куә ретінде көрсетілген ауди-бейне жазабалар монтаждалған деп санайды.


«Бүгінгі жәбірленушілердің біір адам өлтіргені үшін сотталып шыққан. Ал екіншісі екі рет пәтер ұрылғы бойынша істі болғандар. Екеуі де бұған дейін қылмыс жасап, сотталып шыққандар. Қойды сойып жедік, қуырдақ істедік деп мойындаған. Ақсақалдың қорасынан қойды қалай ұрлағандарын өздері көрсеткен полицияға. Бұның артында ақша жасау тұр. Лауазымды тұлғалар екі жәбірленушіні «кукла» қылып ұстап отыр. Заң органдарынан, неге біздің баларымызды қамадыңдар десек, қоғамдық резонанс тудырды, дейді. Сонда ұрыларды біржақты ақтап, қой ұрлағандарды ұстағандардың шағымы резонанс тудырғаны үшін алты полицияны соттау керек пе? Бәле-жаланың бәрін сотталғандар біледі екен», -деді әділдік іздеген ата-аналар.


Қылмыстық іс 20 том. Оны Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатыр. Даулы іс судья Абай Бекботаевтың қарауында.


«Ең басты мәселе неде? Тергеу барысында дәлелдемелерді жинаған кезде жазбаны тергеуші алдымен конвертке слаып, мөр басып, тек қана сараптамаға жіберу керек еді. Ол сараптамадан соңда мөр басылған күйде келу керек еді. Осындай сараптама жасалған іс қана сотқа ұсынылу керек. Тергеудің мәліметтері белгісіз себептермен жәбірленушілердің қолына кетіп қалған. Ол жерде де ешқандай видео жоқ. Тек таспаның үстінен сөздер жазылған. Ол қазіргі іс материалдарымен сәйкес келіп жатқан жоқ. Жаңағы белгісіз айқай-шуға толы жазбаны таратыу арқылы, қоғамның ойына анық емес, теріс пікір қалыптастырған. Сол арқылы бұл полицелерді «соттап» тастады десекте болады. ҚР ҚК 19-бабында кінәсіздік презумпциясы бұзылып отыр. Яғни, соттың үкімі күшіне енбей ешкім кінәлі болып саналмайды. Алайда, қоғамда теріс пікір тарату арқылы олардың кінәсіздігін жоққа шығарып тастады. Сол арқылы бірден адамдарды қамауға алды. Полицейлердің ешқайсысы тағылған айыпты мойындаған жоқ. Қорғау тарапының пікірінше,сот процесінен алып тастайтын іс көп. Біз тағылған айыптармен келіспейміз», — деді қорғаушының бірі Олжас Сүлейменов.


Қамалған полицейлер сотталып кетсе, артынде кәселеттік жасқа толмаған 7 бала тірідей жетім, 4 әйел жесір қалмақ. Әкелерін күткен балалардың ең үлкені 4 жаста болса, кішілері 7 және 8 айлық сәбилер. Олар туғалы әкелерін де көрмеген.


«Жәбірленушілердің берген түсініктемелерінде қарама-қайшылықтар өте көп. Қамалғандардың арасындағы Балжігіт курсант. Алматыдағы академияда оқып жүрген. Оның тіптен дипломы да жоқ. Дәл сол кезде курсанттың кабинеттерде кіріп-шығып жүргені үшін оныда айыптап отыр. Сараптамада оның дауысын анықтау мүмкін емес деп берген. Соған қарамастан бұл курсантты да қылмыстық іске тартып отыр. Тергеу процесі біржақты жүрген. Дәлізде жүрген, кабинетте жүргені үшін соттата беру керек пе? Ақылға симайды. Мал ұрлағандар өздерінің әрекеттерін мойындаған. Сөйте тұра бізді қинады деп арада үш ай өтіп кеткенде арыз түсірген. Қинаса неге бірден шағым түсірмеген, неге денелерін сараптамадан өткізбеген. Оның біріде жоқ. Сот барынша әділ өтіп жатыр. Дегенмен бізге жасалып жатқан қысым аз емес. Оларды қинағанын естіген де, көрген де адам жоқ. Видео жазбада жоқ. Тек у-шу аудиоға сүйенген», — деді курсанттың қоғамдық қорғаушы Әділет Әбухайыров.


Әділдік іздеуден шаршаған топтың ендігі үміті сотта. Сот даулы іске әділ қарап, бір топ полицияның тағдырын тәлкекке салмайды деген үмітте.Ал істі қарап жатқан судья да, жәбірленуші тарапта әзірге қандайда бір пікір білдіруден бас тартты.
«Баламды жаламен қамап отыр. Көрмеген ісін ұлым әлі күнге дейін мойындаған жоқ. Менің ұлымды қамағандарына сегіз ай болды. Алдында қамалған жігіттерге қарсы куә бермеген соң, екі айдан кейін қамалды. Су бермей, әжетхана жібермей ұлымды қинаған. Ол жайында бейне таспалар бар. Сараптаманы жасаған Лаула Юнсова деген қыз өзінің қателесіп, теріс сараптаманы бергенін де мойындады.Ұлыма жасатқан филологиялық сараптаманы жәбірленушінің сөзімен шатастырдым деп мойындады. Ал терегуші болса ұлыма 146 бапты қателсіп тағыппын дедйі. Қалайша қателесіп, айып тағады?», — деді сотталушы участкелік полиция Б. Үсербайдың анасы Манзура Мелдебекова.
Бір жарым жылға созылған даулы істің нақты қашан аяқталары белгісіз. Бірнеше рет сотталған қос жігіттің ұрлық әрекетін әшкерелейміз деп жүріп істі болған полицейлердің барлығы өздеріне тағылған айыпты мойындамай келеді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke