Воскресенье, 23 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Полицейлер «Қорғау» бағдарламасының көмегімен төленбеген 40 айыппұлы бар көлікті анықтады

Түркістан қалалық ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығы көшелерін патрульдеу кезінде, «Қорғау-қауіпті жүргізуші» мобильдік бағдарламасының көмегімен «Mercedes Benz» маркалы автокөлігін тоқтатты.

Тәртіп сақшылары тексеру барысында, жүргізушінің 530 мың теңгеден астам төленбеген 40 айыппұлы барын анықтады. Яғни жүргізушінің әкімшілік айыппұлдарының көпшілігі жылдамдық режимін бұзумен байланысты.

Сондай-ақ автокөлік иесінің жеке сот орындаушысының қаулысы бойынша 2 миллион теңгеден астам берешегі бар екені анықталды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері көлік құралдарының жүргізушілерін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және салынған әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke