Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында жыл басынан бері қоғамдық іс-шаралардың саны артты

  Алматы облысында жыл басынан бері облыстық Ассамблеяның ұйымдастыруымен көптеген шаралар өтті. Атап айтсақ Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы «Қоғамдық келісім» КММ-мен I тоқсанда облыс бойынша 350-ге жуық іс-шара ұйымдастырып,  барлық іс-шараға 50000-нан астам адам қамтылды. Өйткені Алматы облысында 105 этнос тұрады. Облыс көлемінде барлығы 36 этномәдени бірлестік бар. Олардың 24  тіркелген, 12 тіркелмеген этномәдени бірлестіктер болып табылады.

          Облыстық этномәдени бірлестіктер – 10, Аудандық – 22 (12 –тіркелген, 10 тіркелмеген). Қалалық этномәдени бірлестік – 4 (2- тіркелген, 2- тіркелмеген). Алматы облысының этномәдени бірлестіктері мен орталықтары I тоқсанда: 62 іс-шара ұйымдастырып, оның 4 облыстық, 13 аудандық, 3 қалалық шара өткізді. Аталмыш іс-шаралар 1234 адамды қамтыған. Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңестері – 1 облыстық (15 мүше)1 қалалық – (11 мүше)9 аудандық – (66 мүшесі)138 ауылдық округтерде – (846  мүшесі) бар. Жалпы 149 Аналар кеңестері құрылған (мүшелерінің саны –923). I тоқсанда 120-ға жуық шара ұйымдастырылып, 10 000 — нан астам адам қамтылды. Алматы облысында 141 Ақсақалдар кеңестері жұмыс жүргізуде. Оның  ішінде, 1 облыстық, 1 қалалық, аудандық, 130  ауылдық  деңгейде Ақсақалар кеңестері жұмыс істейді. Мүшелер саны 837 адам.

     Ағымдағы жылдың І тоқсанында барлық Ақсақалдар кеңестері облыс бойынша  495 адам қамтылған әр түрлі деңгейдегі 25 іс-шара өткізді, Олар:  әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға,  жетімдерге көмек көрсету және т.б. іс-шаралар өткізді. Медиация саласына сәйкес 1-қалалық, 1-аудандық, сотқа дейін — 18 медиатор тіркелген.

          Қонаев қаласы «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Медиация кабинетінің «Ашық есік күні» акциясы өтті. Қоғамдық медиаторлар медиация саласы бойынша көмекке жүгінген азаматтарға консультация берді.   25 ақпанда Қонаев қаласы қалалық саябақта «Қазақстанның орыс, славян, казак қауымдастығы» ЗТБ Алматы облысытық филиалының ұйымдастыруымен «Масленица – қысты шығарып салу»  халықтық серуені ұйымдастырылды.

          1 наурыз алғыс айту күнін атап өту бойынша кешенді жоспар жасалып, 10 күндік жарияланды. Қонаев қаласының Мәдениет үйінде ҚХА мүшелері, қоғам қайраткерлері, еңбек ардагерлері, жастар, қоғамдық ұйымдар, этномәдени орталықтар, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Алғыс айту күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Шара барысында «Бір ұлт. Бір мақсат. Бір құндылық» тақырыбында шешен, күрд, орыс, тәжік, корей, ұйғыр этномәдени орталықтары мәдениеттерін, дәстүрлерін дәріптейтін қолөнер шеберлерінің және ұлттық тағамдарынан көрме ұйымдастырды. Шараға жалпы 200-ден аса адам қамтылды. Барлық шараларға облыс халқы жұмылып қатысты.

Қуаныш Ермекова

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke