Пятница, 17 мая, 2024

Басқада

spot_img

Ақкенттегі өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды

Алматының Ақкент шағынауданындағы көпқабатты үйден шыққан өрттен зардап шеккен бір әйел қайтыс болды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, барлығы 43 адам зардап шеккен. Төрт бала жансақтауда жатыр, тағы төртеуі медициналық көмектен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді, үш баланың ата-анасы ауруханаға жатқызудан бас тартты.

«12 ересек қалалық көпбейінді ауруханаларға жеткізілді, соның ішінде 5 адам ауруханаға жатқызылды, басқалары қажетті жедел медициналық көмек берілгеннен кейін амбулаторлық бақылауға жіберілді. Өрттен зардап шеккен қалған адамдардың жағдайы тұрақты. Бір әйел көптеген жарақаттан қайтыс болды», — делінген хабарламада.

Кейбір тұрғындарға оқиға орнында медициналық көмек көрсетілген.

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол — өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

Жаңалықтар | Новости