Пятница, 17 мая, 2024

Басқада

spot_img

Алматыда өртте қаза тапқан қыз терезеден секірген

Алматыдағы тұрғын үй кешеніндегі өртте қаза болған адамға қатысты жаңа деректер айтылды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы ТЖД басшысы өртте қаза тапқан қыз терезеден секіргенін айтты.

«Біздің бөлімшелер сол кездің өзінде жеткен, олар 20 секунд күтсе, есіктер ашылатын еді, біз ішке кіріп, анасын құтқарған кезде олар секіріп кетті. Егер олар шыдап, балконда тұрғанда, өртсөндірушілер екі қызды да аман алып қалар еді», — деді ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Ерлан Әлібеков. 

ТЖД мәліметтері бойынша, өрттен 80 адам құтқарылды, олардың 16-сы — бала.

«Терезелерден секірген адамдар қателік жіберді. Сабыр сақтау керек еді», — деді Ерлан Әлібеков.

Еске салайық, кеше Алматыдағы Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Кейін өрттен зардап шеккендер саны анықталды.

Ақкент тұрғын үй кешенінің тұрғыны Дидар өрт туралы айтты. Ол — өрттен аман қалған тұрғындардың бірі. Ал Тілеужан Ахметжан есімді жігіт өрттен 6-7 адамды құтқарып алған. Ер адам 1 жасар баланы, көршінің отбасын, бір жігітті және полиция қызметкерін аман алып қалды. 

Ал Түркия азаматы Шүкүр Гюнай Ақкенттегі өрт кезінде 16-қабатта қалған балаларды құтқарған.

Жаңалықтар | Новости