Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысында мүгедектігі бар жандарды қолдау орталығы ашылды

Елімізде адам құқығын қорғау, мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық көрсету, тең қоғам қалыптастыру мәселелері үнемі Президент бақылауында. Жыл сайын халыққа арнаған Жолдауында да бұл мәселелер шет қалған емес. Осы орайда елімізде мүгедек адамдардың құқығын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2025 жылға дейінгі Ұлттық жоспар да іске асырылуда. Бұл мәселелерді Алматы облысы да ұмыт қалдырған емес. Жақында Қонаевта мүгедектігі бар азаматтарға арналған «Тең қоғам» қолдау орталығы ашылды.

Бұл орталық бірнеше бағытта қызмет ететін болады. Оның ішінде:
• Egov.kz порталы арқылы қызмет көрсету,
• aleumet.egov.kz арқылы мемлекет тарапынан берілетін қажетті құрал-жабдықтарға, санаторий-курорттық емдеу орталықтарына, орнын толтырушы құралдар және арнаулы жүріп-тұру құралдарына, протездік-ортопедиялық көмек және сурдо-тифлотехникалық заттарға өтініш жіберу,
• мүгедектігі бар азаматтарды жастар практикасына, қоғамдық жұмыстарға уақытша немесе толық күндік жұмысқа орналастыру,
• өз ісін бастағысы келіп жүрген азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз грант жобаларына қатыстырып, грант иеленгенге дейін көмек көрсету,
• заңгерлік қызмет көрсету және т.б.

Қазір мұнда психолог, әдіскер, заңгер секілді 7 маман жұмыс жасайды. Олар таңғы 9.00-ден кешкі 18.30-ға дейін халыққа қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта штат саны көбейеді деп жоспарланып отыр.

Кеңсе басқа да осы тектес үкіметтік емес ұйымдармен, орталықтармен Меморандумға отырып, ынтымақтастықты күшейтпек ниетте.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke