Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қонаев қаласында ашық суда жүзуден «Oceanman Kazakhstan – 2023» халықаралық жарысы өтті.

Қонаев қаласында ашық суда жүзуден «Oceanman Kazakhstan – 2023» халықаралық жарысы өтті. Шара Астананың 25 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында құрметті қонақтар: ҚР мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұрбақыт Теңізбаев, Олимпиада чемпионы (Рио-2016) Дмитрий Баландин.
Олар барлық қатысушыларды осы спорттық мерекемен құттықтап, жақсы өнер көрсетулерін тіледі.
Марат Сұлтанғазиев: “Бұл Халықаралық жарыс елімізде осымен екінші рет өткізіліп отыр. Былтыр Қапшағай жағалауында 3000 қонақ жиналып, дүбірлі дода өткен еді. Аты әлемге әйгілі Oceanman сайысы 15 мемлекетте (Испания, Италия, Греция, Мексика, Ресей, Малайзия, Швейцария, Украина, Араб біріккен Әмірлігі, Колумбия, Түркия, Кипр, Франция, Румыния, Тайланд) тұрақты өткізіліп келетінін де айта кеткен жөн. Биылғы шараға 20 елден жиналған қатысушыларға ыстық ықыласымызды қабыл алыңыздар демекпін!
Oceanman Kazakhstan сынды беделді жарысты жаңадан гүлденіп келе жатқан Қонаев қаласында өткізу біз үшін үлкен мәртебе.
Алматы облысы Қазақстандағы спорттық белсенді аймақ деп айтуға толық негіз бар. 2022 жылы өңірімізде 500ден аса халықаралық және республикалық деңгейде спорттық шара өткізілген. Спорттық сайыстар туризмнің дамуына қосар үлесі зор. Жағажай және су спорты түрлерінің астанасына айналуды көздейтін Қонаев қаласы мен табиғаты көркем Алматы облысы жайында көптеген шетелдіктердің қызығушылық танытып, осы шұрайлы мекенге саяхаттауына себеп болуда”, — деді.
Биыл халықаралық жарыстың географиясы кеңейді. Беделді бәсекеге 7-70 жас аралығындағы 8 жас дәрежесіндегі спортшылар қатысуда. Қатысушылар 20 елден келді: Ресей, Қырғызстан, Италия, Өзбекстан, АҚШ, Испания, Грузия, Израиль, Үндістан, БАӘ, Беларусь, Колумбия, Германия, Сауд Арабиясы, Украина, Пәкістан, Катар, Румыния, Таиланд, Қазақстан. Барлығы 1800 адамнан асады.
Oceanman – бұл әлемнің түкпір-түкпірінде жылына бірнеше рет өтетін турнирлер. Оның тұсауы 2015 жылы Испанияда кесілген. Одан кейін әлемнің ең әдемі жерлерінде өтіп келеді: Италия, Малайзия, Мексика, Турция, Ресей, Грекия, Франция, Украина, Швейцария, Таиланд, Кипр және Колумбия. Осылайша бұл сайысты бір әсерлі саяхатқа теңеуге болады.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР мәдениет және спорт Министрлігі, Алматы облысы дене шынықтыру және спорт Басқармасы, Алматы облыстық бұқаралық-спорттық шараларды өткізу Орталығы, «Kazakh Tourism» Ұлттық Компаниясы, «OCEANMAN KAZAKHSTAN» қоғамдық қоры.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke