Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысынан бой көтеретін «G4 CITY» болашақтың қаласы

Алматы облысының дамуына серпін береді деп күтіліп отырған «G4 CITY» қаласынан бүгінде облыс халқы зор үміт күтіп отыр. Атап өтер жайт, облыс орталығы мәртебесі берілгеннен бергі уақытта Қонаев қаласында құрылыс қарқыны үдей түскен еді. Ендігі жерде қарқынға қарқын қосылып, соны екпінге ие болмақ.

Қонаевқа арнайы келген қонақтарға, ҚР Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі депутаттарының келуіне орайластыра отырып, «G4 CITY» жобасының таныстырылымы өткізілді. Жобаның авторы «Саѕріап Group» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Юрий Цхайдың мәлімдеуіне қарағанда, төрт қала салу жоспарланған. Жоба бойынша бекітілген «Gate District», «Golden Distriсt», «Groving District» және «Green Distriсt» деген төрт атауға ие, келешекте Алматы қаласының агломерациясына айналатын жоба расында да таңдай қақтырарлық.
 Сенат депутаты Жанболат Жөргенбаевтың халықтың көкейінде тұрған «бұл атауларды қазақшалауға болмады ма?» деген сауалына жоба авторы қойылған атаулардың уақытша әрі жұмысшы атаулар екендігін айтып сендірді. Сондай-ақ, Сенат депутаттары Жанболат Жөргенбаев пен Закиржан Кузиевтер «аталған қалалар құрылысының аясындағы аумақтың ішінде қалатын елдімекендердің халқының жұмыспен қамтылуы, әлеуметтік нысандардың салынуы, жалпы әл-ауқат мәселелері назардан тыс қалып қоймай ма, тағысын тағы» деген сұрақтар қойған еді. Жоба жетекшілері бұл мәселелердің барлығы да ескерілгендігін атап көрсетті.
Өз кезегінде сөз алған «Khan Tengri Development LTD» ЖШС бас директоры В.В. Ли мырза аталған төрт қаланың салынуы мен жабдықталып-жарақтандырылуы жөнінде шағындап жасалған нобай бойынша көрнекі түрде кеңінен түсіндірме жасады.

Сөз болып отырған жобаның Іле және Талғар аудандарының аумағы бойынша қамтитын көлемі 118 600 гектар жер. Бір шеті сонау Алматының 1 Алматы және Бірінші май бөліктерінен бастау алатын қалалар тобын 2050 жылы салып бітіру жоспарланған. Алғашқы ғимараттарды пайдалануға беру толқыны ретінде 2023-2025 жылдардың аралығында деп көзделіп отыр. Жобаға Сингапур, Оңтүстік Корея сияқты озық елдерден әлемнің 40 елінде 300 жобаны жүзеге асырған инвесторлар қосылып отыр. Бұл аумақты электр қуатымен қамтамасыз етуге күн-жел қуатымен жарықтандыру жүйесі қолданылатын болады.
Аталған жобаның  жүзеге асуындағы іс-шараларға Алматы облысын аралауға келген депутаттар да өз тараптарынан ықпал етіп, құжаттамалық-келісімшарттық мәселелерде жәрдем беретін болып уәде берді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke