Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Мектепте кімдерге тегін тамақ беріледі?

1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатын болады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл қыркүйектің 1-нен бастап аз қамтылған отбасылардан шыққан 1,5 миллионнан астам оқушы, сондай-ақ әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтандыруды ұйымдастыру жоспарланып отыр. 

Республика бойынша тегін тамақтану құны орта есеппен 577 теңге, ең жоғары баға Алматы қаласында — 800 теңге.

«Алдыңғы жылдары 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту 56,6 пайыз болды. Бұл Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда және Атырау облыстарының оқушылары. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында қалған өңірлердің оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізілді, осылайша жаңа оқу жылынан бастап 100 пайыз көрсеткішке қол жеткізілетін болады», — деп бөлісті Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің басқарма басшысы Дана Мақтаева.

Айта кетейік, министрлік өкілдері мектептегі тамақтану сапасын арттыру мәселесін пысықтап жатқанын атап өтті.

Жаңалықтар | Новости