Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Пригожиннің ұшағында қаза тапқан адамдардың тізімі шықты

«Росавиация» өкілдері бизнес-джет апатында қаза тапқан адамдардың тізімін шығарды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Embraer — 135 (EBM-135BJ) ұшақ бортында отырған жолаушылар: 

Пропустин Сергей
Макарян Евгений
Тотмин Александр
Чекалов Валерий
Уткин Дмитрий
Матусеев Николай
Пригожин Евгений
Экипаж мүшелері: 

Левшин Алексей, командир;
Каримов Рустам, екінші пилот;
Распопова Кристина, жолсерік.
Еске салайық, 23 тамыз күні кешке Ресейдің төтенше жағдайлар министрлігі Мәскеуден Санкт-Петербургке ұшқан Embraer Legacy ұшағы Тверь облысындағы Куженкино ауылының маңында құлағанын хабарлады. Агенттік ұшақта он адам болғанын, оның ішінде үш экипаж мүшесі, алдын ала мәлімет бойынша, барлығы қайтыс болғанын мәлімдеді. Әуе көлігі федералдық агенттігінің мәліметінше, жолаушылар тізімінде «Вагнер» жеке әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожиннің тегі мен аты бар.

Ал, «Фонтанка.ру-ға» қандай да бір дереккөз апатқа ұшыраған ұшақтың бортында Пригожин шынымен де болғанын хабарлаған. Бортта кәсіпкерден басқа «Вагнер» жасағының командирлері де болған.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke