Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Есірткі сақтаған ер адам анықталды


«Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында есірткі сақтаған жергілікті орта жастағы тұрғынды анықтады. Яғни ер адамның үй айналасын тінтіген полицейлер үйінің шарбақ тұсында орналасқан бастырмадан екі дана қағаз орамасына оралған есірткі затына ұқсас өсімдікті тапты.
Полицейлер өсімдікті айғақты зат ретінде тәркілеп, сараптама тағайындады. Сараптама қорытындысына сәйкес, оның «кептірілген марихуана» есірткісі екендігін анықтады. Тәртіп сақшылары күдікті ер адамды полиция бөліміне жеткізді.
Қазіргі таңда аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke