Воскресенье, 14 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Жетісай ауданының полицейлері қайырымдылыққа белсене атсалысуда

   Түркістан облысы Жетісай ауданының сақшылары қайырымдылық акциясына орай мектеп оқушыларын қуантты.

Жаңа оқу жылына дайындалуына қолдау көрсету мақсатында жеткіншектерге мектеп сөмкелері, су жаңа оқу құрал-жабдықтары және мектеп формасын табыс етті.

Игі шараның ұйымдастырушыларына балалар мен ата-аналар дән ризашылығын білдіріп, сабақты жақсы оқып, “тентектік” жасамауға уәделерін берді.

Аудан полицейлері мұндай іс-шараны дәстүрлі түрде ұйымдастырып тұрады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke