Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды

Қанат Бозымбаев Президент кеңесшісі лауазымына тағайындалды, — деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Қанат Бозымбаев 1969 жылы Алматыда дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары түрлі қызметтерді атқарған. Соның ішінде 2009-2013 жылдары-Жамбыл облысының әкімі, 2013-2016 жылдары Павлодар облысының әкімі, 2016-2019 жылдары энергетика министрі, 2019 жылы Президенттің көмекшісі болды.

Айта кетейік, шенеунік 2022 жылы 11 маусымда Алматы облысының әкімі лауазымынан басқа жұмысқа ауысуына байланысты босатылған еді.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke