Воскресенье, 5 мая, 2024

Басқада

Қазақстандықтар қандай салықтан босатылады? Министр жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары — қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Мемлекет басшысының жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Салық кодексінен қандай төлем түрлері алып тасталатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Бізде жүйе құрайтын екі-үш салық бар. Бұл корпоративті табыс салығы, қосылған құнға салынатын салық және тау-кен салығы. Олар, әрине, қалады. Жарнамаға немесе тағы басқа нәрселер үшін алымдар қысқартылуы мүмкін», — деді қаржы министрі.

Премьер-министрдің орынбасары Үкімет деңгейіндегі талқылаудан кейін жақын арада барлық өзгеріс енгізілетін жаңа Салық кодексінің жобасы жарияланатынын айтты.

Айта кетейік, Президент 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында салық бақылауын толық цифрландыру және салық есеп нысандарын 30 пайызға қысқарту қажет екенін мәлімдеді.

Жаңалықтар | Новости