Четверг, 23 мая, 2024

Басқада

spot_img

Тоқаев қытай тілін қанша уақытта меңгергенін айтты

Президент Қасым-Жомарт-Тоқаев Сүлефмен Демерель атындағы университетінде студенттермен кездесіп, қытай тілін қанша уақытта үйренгенін айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

6 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына ресми сапары барысында Сүлеймен Демирел атындағы университетке де барған еді. Университетте 8500-ден аса студент оқиды, олардың ішінде Орталық Азия, Қытай, Ресей, Моңғолия, Индонезия секілді мемлекеттердің азаматтары бар.

Кездесу барысында 3-курс студенті Ұлмекен Президентке қытайша сұрақ қойды. 

«Менің сізге бір сұрағым бар еді. Сіз қытай тілін қанша уақытта меңгердіңіз? Мен 2 жыл бойы қытай тілін оқып келемін, бірақ маған әлі қиын», — деді студент. 

Мемлекет басшысы қытай тілін қанша жылда меңгергенін және қайда жұмыс істегенін бөлісті. 

«Мен қытай тілін 5 жыл оқыдым. Алдымен МГИМО-да (Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты — еск.), кейін Сингапурға барып, онда 4 жыл жұмыс істедім. Кейін қайта Мәсукеге келіп, сонда 3 жыл қызмет еттім. Одан соң Бейжіңге барып, Бейжің лингвитикалық институтында 1 жыл оқуымды жалғастырдым», — дейді Тоқаев. 

Еске салайық, бұған дейін Ангола азаматының Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлескені хабарланған еді.

Ангола азаматы Элиша Ферейра Мемлекет басшысымен қазақ тілінде тілдескен. Ол қазір 4-курста оқып жатыр.

«Біздің университетке қош келдіңіздер. Есімім — Элиша. Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін!» — дейді Элиша Ферейра.

Жаңалықтар | Новости