Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Қатаң қызметтегі алтын құрсақты ана егіз қыздарды дүниеге алып келді

Полиция қатарында ер азаматтармен қатар қызмет атқарып жүрген қаракөз қыздарымыз аз емес. Олар қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етудің, азаматтардың тыныштығын күзетудің маңызын терең ұғынып, өз қызметін жауапкершілікпен атқарады. Соның ішінде сабырлық пен сақтықты, төзімділік пен табандылықты, темірдей тәртіпті талап ететін құқық саласын тандаған арулардың қоғамда орны ерекше. Еңбекқор полицей Іңкәр Рашидқызы соның дәлелі.

Түркістан облысы ПД Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық тобының аға криминалисі Іңкәр Рашидқызы Кошкарова — ішкі істер органдарында криминалистика саласында тәжірибесі мол маман. Ол жемісті еңбегінің нәтижесі ретінде марапаттарға қол жеткізіп, қызметке адалдығын танытып келеді.

Бүгінде әріптесіміз Іңкәр Рашидқызы дүниеге егіз екі қыз баланы әкеліп, бір ұл, алты қызды тәрбиелеп отырған «Алтын алқа» иегері. Осы ретте біз Іңкәрдің шендік қызметі мен келіндік қызметін қатар алып жүргеніне қолдау білдірген жолдасына алғыс айтамыз.

Құрметті Іңкәр Рашидқызы! Сізге мықты денсаулық, ана бақытын тілейміз. Әрқашан жүзіңізден мейірім нышаны кетпей, жаныңызға жақын жандарға нұрыңызды шашып, аман-есен жүре беріңіз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke