Воскресенье, 14 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

9 жылдан бері халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Түркиядан елге әкелінді

Ірі мөлшерде қаржы жымқырды деген айыппен Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол құрылыс компанияларына тиесілі 1 миллиард теңгеге жуық, соның ішінде аурухана салуға арналған қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген.

Күдікті 2014 жылдан бері халықаралық іздеуде болған. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторына қамалды.

Мұндай қылмыстық құқықбұзушылық үшін мүлкін тәркілей отырып, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke