Воскресенье, 19 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қанды сұйылтатын 10 өнім

Қанның ұюы – зақым алғанда қан ағуды тоқтатуға қажет маңызды функция. Бірақ қанның өте қою болуы ағза үшін қауіпті, сондықтан тамақтану рационыңызға қанды сұйылтатын азық-түлік қосу маңызды. Ендеше, қанды сұйылтатын 10 өнімді ұсынамыз.

Қанның қою болуы несімен қауіпті?

Қан жасушалық бөліктен, сұйық негізден (плазма) және плазма ағза бойымен таситын заттардан тұрады. Осы құрауыштардың үйлесімді болуы маңызды. Яғни, эритроциттердің жетіспеушілігі анемия болдырады, ал плазма өте сұйық болып кетеді, оның көп мөлшері қанның ұюына әкеледі. Қанның жасушалық массасының және сұйық негіздің қатынасын тұтқырлық деп атайды. Егер ол жоғары болса, қанның тамырлар бойымен жүруі қиындай түседі.

Нашар қанайналым атеросклероз, варикоз, геморрой, бауыр және жүрек жеткіліксіздігі секілді ауруларға әкелуі мүмкін.

Қан ұюының ең қорқынышты салдарларына  инфаркт пен инсульт жатады.

Тромб түзілуінің белгілері

Тромбоз белгілерін білу проблеманы уақытында анықтап, ем бастауға көмектеседі. Кейде ол ешқандай белгі бермеуі де мүмкін. Белгілер ұйыған қанның қай жерде орналасқанына қарай әртүрлі болады:

Егер тромб қолда немесе аяқта орналасқан болса, ол жер құрысып ауыруы және ісінуі мүмкін. Тромб орналасқан жердегі тері қызыл және ұстаған кезде жылы болады.
Егер ұйыған қан іште болса, науқастың іші қатты ауыруы, құсуы және іш өтуі мүмкін.
Жүрек қан тамырларында немесе дененің жоғарғы бөлігінде қан ұйып қалған болса, кеуде тұсында ауырлық пайда болуы және ауыруы, демікпе, тершеңдік, жүрек айну және бас айналу секілді белгілер байқалуы мүмкін.
Егер тромб өкпеде болса, кеуде тұсы қатты ауырады, тыныс алу қиындайды, жүрек соғысы жиіленеді, артериялық қысым түсіп кетеді, бас айналады және  демікпе, тершеңдік, қалтырау, қан аралас жөтел пайда болуы мүмкін.
Ескерту: Егер тромбозға күмәніңіз болса, дәрігерге көрініңіз.

Қанды сұйылтатын өнімдер

Қанды сұйылту үшін рационыңызға мына өнімдерді қосыңыз:

Зімбір;
Зәйтүн майы;
Балық;
Ананас;
Тұймедақ шайы;
Даршын;
Сарымсақ;
Теңіз қырыққабаты;
Куркума;
Су.
Оқи отырыңыз: «Жілік сорпасы». Нутрициолог ақуызға бай 6 өнімді атады

Жаңалықтар | Новости