Вторник, 14 мая, 2024

Басқада

Көксу ауданында 4 бірдей блокты-модульді медициналық пунк ашылды

Көксу ауданында орналасқан Қаблиса, Жарлыөзек, Мұқаншы және Мұсабек ауылдық округтерінде 4 бірдей блокты-модульді медициналық пункт қолданысқа берілді. Медициналық мекеме заманауи барлық жаңа құрал-жабдықтармен жабдықталған.

  • Бұл төрт ауылда ашылған блокты-модульды фельшерлік-акушерлік пункттерінің жалпы алаңы 108 ш.м. Тіркелген тұрғындарға алғашқы медициналық- санитарлық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен қамтылған. Сонымен қатар жылжымалы медициналық кешен арқылы мамандардан құрылған топ (кардиолог, гинеколог, УДЗ дәрігер, онколог, хирург,) арнайы кесте бойынша ауылға келіп тұрғындарға мамандырылған медициналық көмек көрсетеді, — деді аурухана директоры Жаннұр Сырымов.

Жалпы Көксу ауданында 2021-2025 жылдар аралығында 6 жаңа ФАП және 9 блокты-модульды нысан орнату жоспарланған. Жоспар бойынша 2022-2023 жылдары Жамбыл, Ақшатоған мен Енбекшіказақ ауылдарында медициналық пункттер қолданысқа берілген болатын.

Жаңалықтар | Новости