Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

ШЕТЕЛДІК АЗАМАТ ШЕКАРАДАН НАСЫБАЙ ШАҚШАСЫНА ЕСІРТКІ САЛЫП ӨТПЕК БОЛДЫ

Сарыағаш ауданының тәртіп сақшыларына «Жібек жолы» шекара бақылау бекеті қызметкерлерінен есіркі алып өтпекші болған Өзбекстан Республикасының азаматы туралы хабарлама келіп түскен.
Нақтырақ айтсақ, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтпекші болған ер адамды тексеру барысында, қызметкерлер «Наоми» атты қызметтік иттің көмегімен күдікті ер адамды ұстады.
Полицейлер күдік тудырған адамға тінту жүргізу барысында шетелдіктің киімінің қалтасынан насыбай шақшасына жасырып қойған есірткіге ұқсас затты тапты. Сараптама қорытындысы бойынша табылған заттың«гашиш» есірткісі екені расталды.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke