Пятница, 17 мая, 2024

Басқада

spot_img

Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны айқын басымдықпен жеңді

Қазақстан Еуро іріктеу кезеңінде алтыншы рет жеңіске жетті, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ойынның 19-минутында ұлттық құрамадан Ислам Чесноков қарсыластардың қақпасына алғашқы голды соғып, есепті ашты.

Екінші таймның 51-минутында тағы да Ислам Чесноков гол салып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Алайда 9 минуттан кейін (60-минутта) Сан-Марино құрамасынан Франкиоси Қазақстан құрамасына гол салып, есеп 2:1 болды.

92-минутта Абат Айымбетов пенальти арқылы үшінші голды соқты.

Қазақстан құрамасы бүгінгі жеңісіне қарамастан, 18 ұпаймен H тобында үшінші орында тұр, бірақ әлі де Еуро финалына жолдама алу мүмкіндік бар. Ал Сан-Марино ешбір ұпайсыз соңғы, алтыншы орында қалды.

Магомед Адиев шәкірттері келесі кездесуін 20 қарашада сырт алаңда Словенияға қарсы өткізеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Марино командасына қарсы ойынына қолдау көрсету үшін «Астана Арена» стадионына барды.

Мачты Мемлекет басшысымен бірге даңқты спортшылар, спорт ардагерлері мен мәдениет қайраткерлері де көрді.

Олардың арасында Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген, мини-футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Паулу Рикарду Фигейра Силва (Кака), футбол ардагерлері Михаил Гурман мен Вахид Масудов, бапкер Дмитрий Огай, олимпиада чемпиондары Ольга Рыпакова, Дмитрий Баландин және тағы басқалары бар.

Жаңалықтар | Новости