Вторник, 14 мая, 2024

Басқада

Алдағы күндері қатты дауыл соғады

Синоптиктер 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алдағы үш тәулікте жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Соның ішінде 22 қарашада батыста, солтүстік-батыста, 22-23 қарашада оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қар аралас жаңбыр жауады.

«Республика бойынша екпіні секундына 15-28 метр болатын жел соғады, солтүстік жартысында қарлы боран, көктайғақ болады деп күтіліп отыр. Кезеңнің соңына қарай еліміздің батысында ауа температурасы 2-12 градус аязға дейін төмендейді. Республиканың шығысында түнде температура 8-13 градус аяздан 0-5 градус жылыға дейін көтеріледі», — делінген хабарламада.

Қазақстанның қалған аумағында ауа температурасыннда айтарлықтай өзгерістер болмайды. 

Жаңалықтар | Новости