Пятница, 3 мая, 2024

Басқада

Өнердің алтын ұясына — 50 жыл!

Бүгін Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының мерейлі мерейтойын атап өттік.
Шараға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлының арнайы құттықтауын жеткізу үшін Президент кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы арнайы келді.

Сондай-ақ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Садыханұлы, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Жүдебаев Арман Әділханұлы жылы лебіздерін жеткізді.

Сонымен қатар, Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Ерғалиұлы филармония әртістерін өңір басшысының атынан құттықтады.

ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының Бас хатшысының орынбасары Санжар бей ұжым өнерпаздарына шығармашылық табыс тілеп, ұлттық өнерімізбен сусындап қайтты.

Шара барысында ұжымның бірқатар азаматтарына медаль табысталып, бірқатары алғыс хатпен марапатталды.

Әйгілі ақын, айтыс өнері майталманының есімін арқалап жүрген ұжымды 50 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақ халқының төл мәдениетін, ел аумағы мен қоса өзге мемлекеттерде де насихаттап жүрген филармония абыройы асқақтай берсін!

Жаңалықтар | Новости