Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Азаматтық авиацияны дамытудың басым бағыттарының бірі цифрлық трансформация

Қазақстанда алғаш рет жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша ИКАО аймақтық симпозиумы өтіп жатыр.

Алматыда TRIP жолаушыларды сәйкестендіру бағдарламасы бойынша аймақтық симпозиум өтуде. Ол ИКАО Халықаралық азаматтық авиация ұйымының эгидасымен, ҚР Көлік министрлігінің, Азаматтық авиация комитетінің және Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің қолдауымен өтеді.

Іс-шара бағдарламасына сәйкес үш күн ішінде TRIP ИКАО стратегиясының бес элементімен тікелей байланысты 10 панельдік сессия өткізу жоспарланған: сәйкестікті растау, машинамен оқылатын жол жүру құжаттары, құжаттарды беру және бақылау, тексеру жүйелері мен құралдары, бірін-бірі толықтыратын ақпараттық жүйелер.

Іс-шараның негізгі бағыты технология мен инновация арқылы жолаушылардың ұтқырлық деңгейін арттыруға бағытталған. Азаматтық авиацияны дамытудың басым бағыттарының бірі цифрлық трансформация болып табылатынын атап өту қажет. ҚР Көлік министрлігі ҚР әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсету және сәйкестендіру бойынша жаңа технологияларды қолдануға, сондай-ақ әуе тасымалы кезіндегі формальдылықты жеңілдету мәселелеріне ерекше назар аударады. TRIP ICAO аймақтық симпозиумы тәжірибе алмасу және жолаушыларды сәйкестендіру бойынша жалпы проблемалық мәселелерді талқылау үшін бірегей пікірталас алаңына айналып отыр. 

TRIP ICAO аймақтық симпозиумының спикерлері Канада, Америка Құрама Штаттары, Франция, Ұлыбритания, Түркия, Жаңа Зеландия, Швейцария сияқты елдердің формальдылықты жеңілдету мәселелері бойынша халықаралық сарапшылары қатысуда. Сонымен қатар, іс-шараға Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO), Халықаралық әуежайлар кеңесінің (ACI), Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM), Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA), Біріккен ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссарының басқармасының (UNHCR), Интерпол Бас хатшылығының, Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының, сондай-ақ Еуропалық шекара және жағалау күзеті агенттігінің(FRONTEX) қызметкерлері қатысып жатыр. 

Қазақстандық спикерлер ретінде мемлекеттік органдардың (ҚР ҰҚК ШҚ, ЦДИАӨМ, ІІМ КҚҚК, КМ ААК), Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің, Астана және Алматы қалаларының әуежайларының, отандық әуе компаниялардың (Air Astana, SCAT, Qazaq Air, FlyArystan) және Азаматтық авиация академиясының өкілдері сөз сөйледі.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke