Четверг, 2 мая, 2024

Басқада

Жетісу облысының дәрігерлері Түркия елінде тағылымдамадан өтті

Жетісу облысының дәрігерлері Түркия Республикасындағы Медиполь клиникасының дәрігерлерімен тәжірибе алмасып қайтты. Онда неонатальды реанимация, балалар жарақаты, акушерліктегі ауыр жағдайларда инфузиялық-трансфузиялық терапия бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті.
Акушер-гинеколог, анестезиолог-реаниматолог, балалар травматологы және хирург мамандардан құралған 27 дәрігер облыс әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен Түркия елінің мамандарымен тәжірибе алмасып қайтты.
Алакөл аудандық ауруханасы директорының ана мен баланы қорғау жөніндегі орынбасары, акушер-гинеколог Эльмира Серикова Түркия елінде Медиполь клиникасында жүкті әйелдерге көрсетілетін медициналық көмек барысын бақылағанын айтады.

  • Аталған клиниканың дәрігерлері жүктілікті бақылау, ультрадыбыстық зерттеу жүргізу және әйелдерді босандыру тәжірибелерімен бөлісті. Біз жүкті әйелдерді емдеу, диагностикалау барысына баса назар аудардық. Сонымен қатар ота жасау сәтіне де қатысып, түрік әріптестердің медицина саласында жеткен жетістіктерін көріп қайттық,- деді Эльмира Серікқызы.
    Түркия елінде тағылымдамадан өткен дәрігерлер алдағы уақытта алған тәжірибелерімен бөлісу мақсатында әріптестеріне семинар өткізуді жоспарлап отыр.

Жаңалықтар | Новости