Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ БҮЛДІРШІННІҢ АРМАНЫН ОРЫНДАДЫ

Кішкентай жас досымыз Рамазан Ерланұлы-#23 Ж.Ташенов атындағы IT мектеп-лицейінің 3-сынып оқушысы. Ол өзінің денсаулығына байланысты жастайынан дертке шалдықса да дес бермей полиция қызметкері болуды армандайды. Ғажайыптарға толы әлемде бүлдіршін өзінің бір күні форма киген патрульдік көліктегі тәртіп сақшысы болатынына сенеді. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында
Тәртіп сақшылары кішкентай балақайдың арманын орындап, Рамазанды қызметтік көліктерге отырғызып, көлік ішіндегі құрал-жабдықтармен таныстырды.
Рамазан Патрульдік полиция батальонының автоэкипажына отырып, олардың қала аумағында атқаратын қызметімен танысты.
Бүлдіршіннің анасы өз кезегінде Түркістан ҚПБ басшылығы мен қызметкерлеріне шын жүректен алғысын білдіріп, ел қорғаны тәртіп сақшыларына еңбекте табыс тіледі.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke