Вторник, 30 апреля, 2024

Басқада

Кәсіпкерлер бас қосты

Қонаев қаласында жергілікті кәсіпкерлер жиналып, «сыртқы жарнама тілі туралы бизнесмен не білуі керек» деген сұрақты талқылады. Бұл жиын барысында кәсіпкерлер сыртқы жарнамада қазақ және орыс тілдерін қалай дұрыс пайдалану керектігін білді. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып жарнама мәтіндерін реттеу туралы мәселені талқылаған дөңгелек үстел өткізді. Жиында кінәлілерді іздеу мен оларды жазалау емес, керісінше, облыс пен Қонаев қаласындағы құралдарда қолданылатын қазақ тілін жақсарту жөніндегі шешімдердің жолдарын табуға тырысу басты мақсат екені айтылды.

Хабарландыру, жарнама  және басқа да визуалды ақпараттар мемлекеттік тілде берілуге тиісті. Алайда Алматы облысындағы бизнесмендердің бәрі бірдей осы заңды біле және сақтай бермейді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру және оны сыртқы жарнамада дұрыс қолдану мақсатында кәсіпкерлердің ұлттық палатасы тілдерді дамыту басқармасымен бірлесе отырып бизнес иелерімен кездесу өткізді.

«Қазақ тілі» қоғамдық қоры тарапынан кәсіпкерлік нысандарында тілдер туралы заңның сақталуы бағытында жүйелі түрде рейдтер өткізіліп тұрады. Қателіктер анықталған жағдайда, ол қателіктерді түзету үшін ұсыныстар беріледі. Қажет болған жағдайда бизнес иелері облыстық кәсіпкерлер палатасындағы яки болмаса «Қазақ тілі» қоғамдық қорындағы лингвисттердің көмегін ала алады.

Қазақ тілі нормаларын сақтау, жарнаманы мемлекеттік тілге дұрыс аудару — әрбір кәсіпкердің міндеті ғана емес, сонымен қатар елдегі бизнестің табысты дамуына мүмкіндік те берері даусыз. Жарнамашылар жарқылдақ жарнама мен қате жазылған мәтінге текке қаржы жұмсайды. Өйткені, ондай қате қазақтілді тұрақты сатып алушыларды кері тебеді және теріс ұғым туғызады. Қате аудару тәжірибесінің жарнама мәтінінің мәнін де ашпайды әрі жарнама бизнесінің міндеттерінің өзіне де қайшы келеді. Сарапшылардың айтуына қарағанда, жарнаманың қате аударылған мәтіні қазақ тілінің барлық лексикалық нормаларын да бұзады.

Визуалды ақпараттарды дұрыс жазу және грамматикасы мәселелері заң нормаларын блмеу немесе дұрыс түсінбеу салдарынан әлі де өзекті болып қалып отыр. Кәсіпкерлік субъектілерінің арасында сыртқы жарнаманы сауатты орналастыру тұрғысынан мәселелер туындайды. Ол өз кезегінде ары қарайғы уақытта заң талаптарына сәйкес, күтпеген айыппұлдар мен міндеттемелерге апарып соғады.

Көп жағдайда, кәсіпкерлер, лингвистердің көмегіне жүгінбестен, Яндекс аудармашы, Google аудармашы, sozdik. kz және тағы басқа сөздерді автоматты түрде аудару сервистерінің көмегіне жүгіріп жатады. Ол өз кезегінде кезекті калькаланған аудармаға алып барады. Тіпті, кейбір жағдайда, аудармадағы грамматикалық формасы бұзылған дөрекі қателердің салдарынан қоғамдық резонанс туындап жатады. Сондай-ақ, егер мұны назардан тыс қалдырсақ, қате аударылған немесе қазақ тілінде жоқ мәтіндер кәсіпкерлер тарапынан небәрі формальді қажеттілік ретінде қабылдануы мүмкін. Сондықтан, Алматы облысы мен Қонаев қаласының кәсіпкерлері сыртқы және ішкі жарнамаға, порталдағы, ақпараттық платформалардағы және кәсіпкерлік қызметке қатыстының барлығына бірінші кезекте мұқият болғандары жөн.

Данияр Ахметов, Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы: «Қонаев қаласы облысымыздың облыстық орталығы болып саналады. Соған байланысты біз бүгін осы әңгіме алаңына облысымыз бен қаланың, соның ішінде ғылымөкілдерін — Ахмет Байтұрсынұлы институтын мемлекеттік органның, бизнес пен ғылымның өкілдерін жинауға тырыстық. Біз облысымыз бен Қонаев қаласының аумағында жарнаманы жетілдіру мен жақсарту жөніндегі әдістемелік ұсыныстар берілетін алаңқай құрғымыз келеді».

Наталья Батыркова, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының мүшесі: «Біздіңұйым тілдер туралы заңның сақталуы жөніндегі рейдтер өткізумен айналысады. Заңға сәйкес, жарнамалық жазбалар екітілде болуға тиіс.

Сондай-ақ, қазақ тіліндегі жарнамалық жазбасы қалай орналасуы керектігінің белгіленген стандарты бар. Ереже бойынша мемлекеттік тіл әрқашанда бірінші, сондай-ақ, оның грамматикасы кез келген жарнамалық тақтада, табличкаларда,  баннерлерде, маңдайшаларда және тағы басқасында, көрсетілуге тиіс. Бұл талаптар бұзылған жағдайда біз аталған заңның бұзылу фактілерін анықтаймыз. Әуелі, заңбұзушылық туралы ескерту береміз, ары қарай жазбаның қалай көрсетілуге тиіс екенін түсіндіреміз, егер аударма немесе өзге де сұрақтардың жауабын алуға көмек көрсетеміз. Содан кейін біз ескертуден кейінгі апта бойы аталған бұзушылықты түзеуге сәті түсті ме соның бәрін арнайы тексереміз».

Нүрлы өлке

Жаңалықтар | Новости