Воскресенье, 14 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Бітімге келудің берері көп

Медиация ұғымы қазаққа жат емес. Ел арасындағы дау-дамайды ата-бабаларымыз мәмілемен, ымырамен шешкен. Ол заманда медиатор міндетін қазақ билері, данагөй қариялар атқарып, ел ішінің тұтастығы мен беріктігін сақтаған. Билер тәжірибесінен бастау алып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан медиация бүгінде заңдастырылды. Қазір дау-жанжалдарды сотқа жеткізбей шешу, уақтылы әрі қажетті үдеріс. Әлемдік статистикаға сүйенсек, даудың 40%-ы медиаторлардың көмегімен шешіліп, істің 80%-ы оң нәтиже беруде.

Қазір медиацияның маңыздылығын сезінген қоғамымыз оны жан жақты дамытуға барынша күш салуда. Еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың бірлігін нығайтып, қоғамдық келісімді сақтау мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы медиация жұмысына ерекше маңыз беруде.

2011 жылғы 28 қаңтарда елімізде ҚР «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Осы заңның аясында елімізде медиаторлардың қатысуымен дауларды шешудің баламалы жолдарын дамыту үшін құқықтық шарттар жасалды. Медиация соттардың жұмысын жеңілдетуге көмектесіп, оларға өте күрделі процестерге назар аударуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тараптарға ұзақ сот процедураларын және қосымша сот шығындарын болдырмайды.

Сала өкілінің айтуынша, бітіс­тіретін адам табылса, біт­пейтін дау жоқ. Сол үшін де ме­диа­торлардың рөлі қоғамда қазір артып отыр. Бір жанжал туындар болса, адамдар по­лиция, сотқа арыз түсірмей, бірден медиация көмегіне жүгіне алады. Бірақ бір ескеретін жайт, әділ төрелікті медиаторға сеніп тапсыруға қос тарап та қарсы болмауы қажет. Жалпы, медиатор дегеніміз – қазақтың кәдімгі билері. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз бұлардың ұстанымына кіре­ді. Дауласқандарға сотқа арыз­данғаннан бітімгерлікке сүйенген тиімдірек. Біріншіден, ешқандай мемлекеттік салық төлемейді, екін­шіден, уақыт үнемдейді, үшін­шіден, бір кездесуден-ақ екі жақ та бір-бірімен қол алысып қайтуы мүмкін. Ал сотта бұл үдеріс ұзақ мерзімге созылады. Сол үшін соттардың жүктемесін азайту мақсатында медиация институтын күшейтіп, құзыретін кеңейтіп жатыр. Қазір сот қылмыстық жауапкершілігі төмен істерді медиацияның мін­детіне тапсырып, өзінің негізгі жұмысына толыққанды кірісуге көшкен. Президент тапсырмасы­мен елімізде жүргізілген сот реформасының көздеген мақса­тының бірі де осы еді.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke