Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

ЖОЛ АКТИВТЕРІ САПАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА 5 ЖЫЛ!

ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» 2019 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен 16 облыстық жол зертханасын біріктіру жолымен құрылды. Мақсат — жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Негізгі миссиясы – барлық республикалық және жергілікті жолдардың құрылыс сапасын қадағалау.

Кәсіпорынның еліміздің әр аймағы мен Республикалық маңызы бар қалаларда 20 филиалы, сондай-ақ ISO 17025 стандарты мен ILAC зертханаларын аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымның талаптарына сәйкес аккредиттелген 16 сынақ зертханасы бар. Мекеме бес жыл ішінде 59 мыңнан астам инспекциялық тексеру жүргізді. Жолдардан 142 мыңға жуық жол-құрылыс материалдары сынамасы алынды. Осы жылдың басынан бастап сапа орталығы 1,5 мыңнан астам инспекциялық шығу жүргізіп, жол-құрылыс материалдарының 2 мың сынамасын іріктеп алып сынады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 11,4 мың инспекциялық тексеріс жүргізіліп, 40 мыңнан астам жол-құрылыс материалдары сынамасы зертханадан өтті. ЖАСҰО ұсынған тұжырымдамалары нәтижесінде мердігер ұйымдар өз қаражаты есебінен 4,1 млрд.теңгенің жұмысын қайта жасады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту мақсатында зертханалық сынақтар жүргізу кезінде процестерді цифрландыруға көшу бойынша да кешенді шаруа атқарылып жатыр. ЖАСҰО жобаларының бірі — «KazRoadLab», ол жұмыс жүргізілетін жерде деректерді жинауды жүзеге асыруға және нақты уақыт режимінде орындалған жұмыстар актілерін толтыруға, сынақ нәтижелері туралы деректерді енгізуге, актілерге суреттерді түсіруге және тіркеуге, сараптама нәтижелерін орталық порталға мобильді құрылғылардан жіберуге мүмкіндік береді. ЖҚМ сынамаларын QR сканерлеу таңдалған сынамаларды тиімді бақылауға және белгілеуге де жағдай жасайды. Ведомстволық сараптама порталы жұмыс процесін жеңілдетеді және жол жобаларындағы техникалық кемшіліктер мен тәуекелдерді жедел әрі сенімді анықтауға септігін тигізеді.

Инженерлік-техникалық қызметкерлер, сарапшылар мен сынақ зертханаларының қызметкерлері жыл сайын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде, автожол саласының озық ғылыми-техникалық кәсіпорындарында (Қытай, Корея, Ресей, Беларусь, Германия, Польша, Өзбекстан және т. б.) біліктілігін арттырады.
Жол-құрылыс саласы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында ЖАСҰО жергілікті жерлерде оқыту семинарларын тұрақты түрде ұйымдастырады.
Сапа орталығы жоғары оқу орындарымен тығыз жұмыс істеумен бірге студенттерді ақылы өндірістік практикаға тартады. Бүгінгі таңда 162 студент ЖАСҰО-да тәжірибеден өтіп, 21-і жас маман жұмысқа қабылданды.


2019 жылдан бастап Кәсіпорын қызметкерлері бүкіл Қазақстан бойынша оқушылармен 7000-нан астам кездесу өткізді. РФММ Астана қ. және BINOM SCHOOL мектептерімен меморандумдарға қол қойды. Сапа орталығының зертханаларында апта сайын Ашық есік күндері өткізіліп тұратынын да айта кетейік.

«ЖАСҰО» РМК баспасөз қызметі

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke