Понедельник, 24 июня, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматыдағы қалалық клиникада жүрек қан тамырлары ауруларын емдеудің жаңа әдісі практикаға енгізілді.

Алматы қаласының №7 Қалалық клиникалық ауруханасында алғашқы рет жүректің өткізгіштік жүйесіне электродтарды имплантациялаудың заманауи әдісін қолдана отырып, жүрек-қан тамырлары ауруларын хирургиялық емдеудің жаңа әдісі қолданылды. Операциялар Вроцлав медициналық университетінің (Польша) профессоры Яцек Гайектің қатысуымен шеберлік –сағаты аясында өтті.

Шеберлік сағаты шеңберінде жүрек өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан ұзақ уақыт бойы зардап шеккен 4 отандасымызға шұғыл операция жасалды.

«Барлық 4 пациентке ортақ дерт- ұзақ уақыт бойы жүрек өткізгіштігінің бұзылуы салдарынан зардап шегуі. Науқастардың жүрек көлемі ұлғайған, жүректің сол жақ қарыншасының бөлу фракциясының нормалары төмендеген, жүрекшелердегі хаотикалық импульстарға байланысты тұрақты емес және жиі жылдам жүрек соғысы. Осындай бұзылыс нәтижесінде науқастарда бас айналуы, қатты ентігу немесе есін жоғалтуы, кеуденің сол жағындағы ауырсыну, орташа физикалық ауырлық кезінде ауаның жетіспеуі болуы мүмкін», — дейді №7 қалалық клиникалық аурухананың операцияға қатысушы аритмолог дәрігері Қанат Ергешов.
Бұл операция қаражат жағынан өте қымбат операциялардың бірі, біздің елімізде бұл хирургиялық операциялар МӘМС қаражаты есебінен тегін жасалады.
Польша елінен келген білікті кардиолог маманның Алматыға келгеніне бүгін үш күн болды, бұған дейін ол Қалалық кардиологиялық орталықта және А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығында операциялар жасады, тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағаттар өткізді.
Поляк профессорының айтуынша, қайта синхрондау терапия әдісі жақсы оң нәтиже береді және бұл әдісті халықаралық қардиологтар қауымдастығы ұсынған. Гис-шоғырын үнемі ынталандыру-бұл классикалық кардиостимуляцияны алмастыра алатын бірден- бір қол жетімді және қауіпсіз операциялық технология.
«Мұндай науқастардың жағдайын ескере отырып, қазіргі заманауи медицина емдеу әдістерінің көптеген баламасы жоқ. Емдеу тәсілін таңдауда өте мұқият болу керек. Операция нәтижесінде біз жүректің табиғи жолмен жиырылуына қол жеткіземіз. Бұл біз таңдаған техниканың сөзсіз артықшылығын дәлелдейді», — деп түсіндірді Яцек Гайек.
Жаңа технология тиімді, науқастың ауыр жағдайын жақсартуға, жүрек жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді. Жүректің жиырылуының физиологиялық жолы ынталандырылады, синхронды түрде, сау адамда қалыпты болуы керек. Нәтижесінде: асқынулардың даму қаупі азаяды, науқастың стационарда болу уақыты қысқарады, науқастың жай-күйі жақсарады, өмір сүру сапасы жақсарады, өмір сүру ұзақтығы артады.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke