Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматы облысы Мемлекеттік рәміздер күнін жоғары деңгейде атап өтті

https://www.instagram.com/p/C7ykYCFCgf6

Алматы облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Тұғырлы туым» атты жарқын патриоттық салтанатты жиын өтті.
Шара әнұранның шырқалуы мен мемлекеттік тудың салтанатты түрде көтерілуі мен облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің ақжарма тілегімен басталды.

«Қазақстан Республикасының рәміздері біздің тарихымызды, мәдениетімізді және ұлттық қадір-қасиетімізді еске салады. Мемлекеттік рәміздерімізде бүкіл Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдіретті күш бар. Олар әрқашан жаңа жетістіктерге жету жолында бізге шабыт беріп, күш-қуатымыздың қайнар көзі болып қала береді», — деп құттықтады өңір басшысы.
Жиын «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әнді орындауымен жалғасты.
Ән жиналғандардың жүрегін тебірентіп және Отанға деген мақтаныш сезімін оятты.

Сонымен қатар, 30 байкерден тұратын мотоциклшілер шеруі өтті. Олар ел бірлігі мен күш-қуатын білдіретін Мемлекеттік туды Іле ауданынан бастап Қонаев қаласының орталық алаңына дейін желбіретіп жеткізді.
Іс-шара Қонаев қаласының кіреберісінен орталық алаңға дейінгі ретро көліктердің салтанатты шеруімен аяқталды. Қонаев қаласындағы ретро көлік салонының жетекшісі және меценат Мұрат Сіргебаев та шерудің ішінде болды. Түскі сағат 12:00-де 10 мыңнан астам облыс тұрғындары бірауыздан Қазақстан Республикасының Әнұранын шырқап, елжандылық пен ерекше күйге енді.
Салтанатты жиын өңір басшысының құттықтауымен аяқталды.

Айта кетейік, жалпы облыс бойынша 300-ден астам мерекелік іс-шара өтіп, 23.000-нан астам қатысушы жиналды. Облыстың әр ауданында ту көтеріліп, әнұран шырқалды.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke