Пятница, 12 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Алматыда жастарға арналған «BookVibe» кітап көрмесі өтті

28 гвардияшы-панфиловшылар саябағында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен «Жаухар» қоғамдық қоры ұйымдастырған «BookVibe» кітап баспалары жәрмеңкесі мен белгілі кітап авторларымен кездесулер өтті. Қала тұрғындары үшін бұл әдебиет әлеміне еніп, өткен және қазіргі заманның белгілі жазушылары мен шығармаларының авторларымен кездесуге тамаша мүмкіндік болды.
Айтулы шара елімізде жыл сайын шілденің алғашқы жексенбісінде аталып өтетін ұлттық домбыра күнімен тұспа-тұс келді. Осыған орай «BookVibe» көрмесі ұлттық аспабымыздың сүйемелдеуіндегі әсем күймен ашылып, мәдени мұрамызды насихаттап жүрген домбырашылар жәрмеңкенің соңына дейін әртүрлі композияциялар ойнап, іс-шараға куә болған баспа өкілдеріне, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер сыйлады.


Шара барысында халықтың ықыласына бөленген айтыскер ақын Сырым Әуезхан жиын қонақтары мен барша жастардың назарын өзіне аудара отырып, ұйымдастырылған іс-шараның маңызын түсіндіріп, домбырамен арнау шығарып, жыр жолдады.


Шілде айының ыстық ауа-райына қарамастан, кітап шарасы алматылықтардың жүрегін жаулап алды. Белгілі жазушылар мен баспа өкілдерінің сөздері қонақтардың назарын аударды. Жазушы, кинодраматург, Түркі дүниесі әдеби сыйлығының лауреаты, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, жазушы Елубай Смағұл осы жоба жайлы оң көзқарасын білдіріп, көркем әдебет тілімен кездесуге қатысушыларды баулыды. «Ситуативный казахский» атты үш томдық өздігінен оқу құралының авторы Канат Тасибеков, «Новая современник» Жазушылар одағының және Алматы әдебиет үйінің мүшесі. «Жылдың үздік ғылыми фантастикасы және детективі» номинациясы бойынша Қазақстанның бірінші «Атын қалам» сыйлығының иегері Людмила Лазарева, Дәрігер, жазушы и автор книги «Одна чёрно-белая любовь и четыре цветные революции», «В ожидании Кайроса» кітабы бойынша Меценат сыйлығының финалисті Кемен Байжарасова, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің проза номинациясы бойынша Гран-При жүлдегері. «Жұмбақ кітап», «Ажалды қуған жігіт», «Ұлы адам» шығармаларынығ авторы Мақсат Мәлік, IQ-arna қоғамдық қорының жетекшісі Айгерим Агылтаева (Конкурс казахстанских романов Меценат кз) және, Kitap fest жобасының координаторы Абдикахарова Актоты өздерінің кітаптары мен шығармашылық идеяларымен бөлісті. Жәрмеңкеге Қуаныш Шонбай, Сырым Ауезхан және т. б. сияқты шоу-бизнес өкілдері де келді.


Іс-шараның модераторы ретінде белгілі жазушы және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Бекнұр Қисықов авторлар мен оқырмандар арасындағы қызықты және танымдық қарым-қатынас атмосферасын, кітаптардың әр адамның өміріндегі маңыздылығын атап өтті.
Жәрмеңкеде бұл жолы 20-дан астам баспаның кітап өнімдері ұсынылды. (Ordagen баспасы, AmalBooks баспасы, Зият баспасы, Отбасы хрестоматиясы баспасы, Мазмұндама баспасы және де басқа ірі баспалар). Сонымен қатар кітап алмасу алаңы және сұрақ-жауап ойындары ұйымдастырылып, онда әрбір келуші қызықты кітап тауып қана қоймай, оны басқа оқу әуесқойларымен алмастыра алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның мақсаты «BookVibe» жобасының бірегей мүмкіндіктерін көрсету, жас оқырмандарды көбірек тарту, оқу әуесқойлары мен авторларды біріктіру болды. Ұйымдастырушылар «BookVibe» көрмесін биыл тағы екі рет өткізуге ниетті.


«BookVibe» кітап әуесқойларын біріктіріп қана қоймай, көптеген адамдарды жаңа әдеби жаңалықтарға шабыттандырды. Бұл шара Алматының мәдени өмірін дамытудағы маңызды қадам болды, әдебиеттің қоғам өміріндегі маңыздылығын көрсетіп, жастар арасында оқуды дамытуға ықпал етті.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke