Вторник, 17 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

ALMATY CIRCUS FESTIVAL екінші халықаралық фестивалі өтіп жатыр

Алматыда ALMATY CIRCUS FESTIVAL II Халықаралық цирк өнері фестивалі басталды. Цирк манежінде Қытай, Жапония, Қазақстан, Аргентина, Бразилия, Португалия, Испания, Италия, Ресей, Вьетнам, Беларусь, Өзбекстан, Украина, Армения, Тәжікстан, Якутия, Қырғызстан және Эфиопия сияқты әлемнің 18 елінен 80-нен астам үздік әртістер өнер көрсетуде.

Сонымен қатар, фестиваль басталған күні Қазақ мемлекеттік циркінің ұжымы 54 жылдығын атап өтуде. Өткен жылы, араға 35 жыл салып, цирк артистері Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен шетелге гастрольдік сапарларын қайта бастады, Қытай мен Ресейдің үздік цирк мектептерінде біліктілігін арттырып, оқудан өтті, елден тыс жерлерде беделді конкурстар мен фестивальдарда марапаттарға ие болды.

Енді екінші жыл қатарынан аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркі Халықаралық фестиваль өткізуде.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke