Суббота, 27 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР Заңы

2018 жылғы 10 қаңтарда ҚР Президентінің қылмыстық құқық бұзушылықтардың жекелеген құрамдары бойынша жәбірленушілерге өтемақы төлеуді қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық, экономикалық әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерді айқындайтын «Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» ҚР № 131-VI ҚРЗ заңын қабылдады. Қордан жәбірленушілерге өтемақы біржолғы қаржылық төлем түрінде жүзеге асырылады.

«Жәбірленушілерге өтемақы қоры туралы» заңды орындау үшін пробация қызметі бөлімі Солтүстік Қазақстан облысының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жәбірленушілерге өтемақы қорына мәжбүрлі төлемдерді өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізуде.

СҚО бойынша ҚАЖД Петропавл қ. ТЖЖ есебінде 2021 жыл басынан бастап сот үкіміне сәйкес жалпы сомасы 5 815 855 теңгеге жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемі бар 122 сотталған тұрады.

Жалпы сомасы 4 127 455 теңгеге 87 сотталған жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді толық өтеген.

Жалпы төлемнің қалған 35 сотталғанның сомасы 1 688 400 теңге, соның ішінде 14 сотталған 346 406 соманы жәбірленушілердің өтемақы қорына мәжбүрлі төлемді жыл басынан бастап ішінара өтеген.

Мәжбүрлі төлемде өтемейтін сотталғандарен профилактикалық жұмыс жүргізіледі: жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін жұмыспен қамту орталығына жіберіледі, инфрақұрылымдық жобалар бойынша бар бос орындармен танысты, егер сотталғандар сот үкімі бойынша тағайындалған мәжбүрлі төлемді мүлде өтемейтін болса, ҚР ҚК-нің 430-бабына сәйкес жауапқа тартылатындығы түсіндірілді.

 

Орындаушы: Петропавл қ. ПҚБ инспекторы

әділет майоры Ахмедьярова ГУЛЬЗИЯ

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke